10 Қыркүйек, 2011

Прокуратураның жаңа ғимараттары шалғайдағы аудан орталықтарының ажарын аша түсті

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Республиканың ең шалғай орналасқан Бөкей ордасы, Жәні­бек, Казталов, Қаратөбе және Сы­рым аудандарының орталық­та­рында бүгінгі заман талабына сай, еңселі, сәнді де сапалы аудан­дық прокуратуралардың жаңа ғимараттары ашылды. Аталмыш құрылысқа қажетті қаражат рес­публикалық бюджеттен бөлінген. Оның пайдалануға берілу рәсі­мі­не республика Бас прокуроры А.Дау­ыл­баев қатысып, сөз сөй­леді. – Бұл Елбасымыздың құқық қорғау органдарына, соның ішінде прокуратураның аудандық буындарына көрсеткен шексіз қамқорлығы мен қолдауының кө­рі­нісі. Әрі еліміздің алыс аудан­дарында прокуратура ғимарат­тары құрылыстарының аяқталуы Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның өзі, сөз жоқ, игі істің мәні мен мазмұнын, тигізер пайдасын тереңдете түседі. Аталмыш ғи­ма­раттарда аудандық деңгейдегі про­куратура қызметкерлерінің алаңсыз қызмет жасауларына барлық жағдайлар бар. Ендігі міндет біреу ғана. Ол осы қолдау мен қамқорлықтың есесін өтеу, қайтарым коэффициентін көтеру, – деді Асхат Қайзоллаұлы өз сөзінде. Прокуратура ардагерлері Ба­тыс Қазақстан облыстық ұйы­мының төрағасы Жеңіс Хафизов өз ойын былайша тарқатты: – Біздің прокуратура органдарында қызмет жасаған кезіміз кеңестік кезеңге сәйкес келді. Ол жыл­дар­да аудандық прокуратуралардың дәл бүгінгідей сәулетті ғима­рат­тары өңіміз түгіл түсімізге де кірмейтін. Көзге тым қораш, мы­жы­райған, төбелері төмен, еңсеңді басып тұратын тар үйлерде еңбек еттік. Екеуінің айырмашылығы  жер мен көктей. Осынау жақсы­лық пен қуаныш тек Тәуел­сіз­діктің арқасында мүмкін болып отыр. Ұзағынан болсын. Осын­дай ойдың желісін еңбек ардагері Кәрім Өтеғұлов одан әрі то­лықтырды. Аудан орталықтарындағы лен­та қию рәсімін Бас про­ку­рор Асхат Дауылбаев пен Батыс Қа­зақстан облысының әкімі Бақ­тықожа Ізмұхамбетов жасады. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында шалғай аудандар орталықтарында ашылған жаңа прокуратура ғимараттары сол аймақтардың ажарын аша түсуге айтарлықтай әсерін тигізгені қандай ғанибет. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар