Ауылдық жерлердегі жұмыспен қамтуды жоғарылату және әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі Қазақстанмен жүргізілген іс-шараның дұрыстығы Әйелдер ахуалы жөніндегі БҰҰ комиссиясының 61-ші сессиясы барысында атап өтілді, деп жазады ҚазАгроның баспасөз қызметі.
Халықаралық форум шеңберінде өткен жоғары деңгейдегі «Ауыл әйелдерімен бірлесіп аштық пен кедейлікті жою үшін күштерін активтендіру» жөніндегі іс-шаралардың бірінде «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева баяндама жасады.
«ҚазАгроның» өкілі Холдингтің қызметінің маңызды бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту туралы айтты. Оның келтірген статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның экономикасындағы әйелдердің көп бөлігі аграрлық салаға тиесілі. Ол гендерлік көзқарас жағынан экономиканың ең көпшілікке мәлім саласының үштігіне кіреді: экономикадағы жұмыс басты әйелдердің жалпы санының 17% -ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді (сауда - 19%, білім саласында - 19%).
Өз баяндамасында А.Мұхамадиева ауыл шаруашылығындағы республика бойынша өзін жұмыспен қамтитын әйелдердің үлесінің жалпы санының шамамен 51%-ын ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін әйелдер құрайтынын атап өтті. Егер басқа гендерлік-бағдарлы салаларда әйелдер негізінде жалдамалы жұмыскер болса, аграрлық секторда олар өздері ауылшаруашылық өнімдерін шығарады, соның ішінде - жеке қосалқы шаруашылықтарда.
«ҚазАгро» холдингінің өкілінің айтуы бойынша, Үкімет қабылдаған 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы ауылдағы әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді. «ҚазАгро» холдингі», осы бағдарламаны ауылдық жерлерде іске асырушы ретінде әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуға және ауылдағы әйелдердің ахуалын жақсартуға үлес қосады. Сонымен, 2016 жылы Холдингпен берілген қарыздың жалпы санының 36,6%-ы әйелдерге берілген (жыл сайын үлес 3-5%-ға өседі).
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік негізіне оқуға «Бастау» бағдарламасы бойынша 2016 жылдың өзінде 180 адам оқытылды, оның 53%-ы әйелдер.
Өзінің баяндамасының соңында Айгүл Мұхамадиева ауылдағы әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту мәселесінің жұмыссыздықты төмендету мақсатындағы маңыздылығын атап өтті және БҰҰ халықаралық деңгейде осы мәселені талқылауға берген мүмкіндігі үшін алғысын айтты.
Қазақстан Республикасының ресми делегациясы әйелдердің ахуалы жөніндегі БҰҰ комиссиясының 61-ші сессиясының жұмысына қатысатынын еске саламыз, ол осы күндері БҰҰ Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтуде және әйелдердің еңбек саласындағы өзгеріс контексінде экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбына арналған. Әйелдердің дискриминациясымен күресу және әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі тәжірибелерімен әлемнің 170-нен астам елінен келген қатысушылар бөліседі. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің өкілі ҚР Ұлттық экономика министрі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі комитеттің мүшесі М. Әбілқасова бастаған делегацияның құрамына кіреді.
• 16 Наурыз, 2017
БҰҰ-да Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі сөз болды

Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі: Жаңа сүзгі қалай жұмыс істейді?
Экономика • Бүгін, 12:05
Бразилияда әлем чемпионаты кезінде стадион өртенді: Спортшылар аман ба?
Спорт • Бүгін, 11:49
Қорғалжында дамбы жарылды: Астана – Қорғалжын жолын су шайып кетуі мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:36
Жұмыс істеп жүрген ұстаздар біліктілік тестін тапсырудан босатылды
Білім • Бүгін, 11:22
Қазақстанда бала құқығын қорғау комиссияларының қызметі қайта жүйеленді
Қоғам • Бүгін, 11:08
Шетелдіктерді заңсыз тіркеген: Ақтөбеде жалған құжат жасаумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады
Білім • Бүгін, 10:44
Әлем • Бүгін, 10:37
3 млрд теңгеден астам залал: Қостанайда субсидияны заңсыз иемденген қылмыстық топ сотталды
Шаруашылық • Бүгін, 10:22
Сәтбаевта көпқабатты үйден өрт шықты: 4 бала құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлемдік қауымдастық мойындаған мегажоба
Саясат • Бүгін, 09:48
9 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады
Ауа райы • Бүгін, 09:33
Қаржы • Бүгін, 09:13
Тұлға • Бүгін, 09:10