Газ тасымалдау қызметкерлері мерейтойын атап өтуде
Осыдан 50 жыл бұрын қазақ топырағында жалпы одақтық газ тасымалдау жүйесінің бір бөлігі ретінде қазақстандық магистральдық газ құбырлары желісі салынды. Желі ортаазиялық республикалардың табиғи газын жақын және алыс шетелге тасымалдауға арналды. Магистральдық газ құбырларының құрылғанына 50 жыл толуына орай, газ тасымалдау жүйесін басқаратын «Интергаз Орталық Азия» АҚ салтанатты шара өткізді.
Мерейтойлық іс-шараға жер-жерден газ тасымалдау саласының ардагерлері келді. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин, Ұзақбай Қарабалин, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Данияр Берлібаев және «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Серік Естай, Абай Садықов қатысты. Олар жиналған ардагерлер мен газ саласындағы қызметкерлерді атаулы мерейтоймен құттықтады.
Салтанатты шараға жиналғандар алдымен магистральдық газ құбырларының тарихы туралы түсірілген фильмді тамашалады. Желдің өті мен күннің ыстық-суығында салынған газ құбырларының қандай еңбекпен салынғандығы көз алдына фильм кадрлары боп көлбеңдеді. Сонымен қатар, мерекелік шараға орай кітап шығарылды. Алып құбырлардың шындығында да адам қолынан шыққандығы, оны салып шыққан жандардың бойындағы қажырлы еңбек пен қайраттың өлшеусіз үлкендігі таң қалмасыңа қоймайды.
50 жылдық мерейтойдың маңызы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұспа-тұс келіп, мағынасы екі есеге артып отыр. Шара барысында 50 жыл бойы өз білімі мен ерік-жігерін сарп етіп, өмірін арнаған газ саласы ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Олардың ісін, осыдан 50 жыл бұрын салып берген салт-дәстүрлерін жас ұрпақ лайықты жалғастыру үстінде. Өйткені газ саласын дамытудың маңызды құрамдарының бірі Қазақстанның транзиттік әлеуетін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміз газ тасымалдау бағыттарын кеңейтуге және көмірсутекті жеткізуге жаңа жолдарды іздеуге мүдделі. Жаңа ғасырда «көгілдір отынды» тасымалдаудың батыс қана емес, шығыс жолы да сәтті игеріле бастады.
Қазіргі кезде ел аумағы арқылы 14 магистральдық газ құбыры арқылы табиғи газ тасымалданады. Құбырлардың бір желідегі жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді құрайды.
Еліміздегі газ құбырлары желісінің тарихы 1961 жылдан бастау алады. Осы кезде КСРО Газ өнеркәсібі бас басқармасының бұйрығымен салынып жатқан «Бұқара-Орал» газ құбырының дирекциясы құрылған болатын. Оның бір бөлімшесі Қазақ КСР Ақтөбе облысының Шалқар қаласында құрылды. 1961 жылы Кеңестік Одақтың 4 республикада, оның ішінде Қазақстан аумағында газ құбыры басталды. Міне, бұл оқиға отандық газ тасымалдау жүйесінің құрылу басы, өйткені бұл объектінің құрылысына дейін елімізде өзінің магистральдық газ құбырлары желісі болмаған екен. Кеңестік кезде еліміз аумағынан өтетін бірнеше магистральдық газ құбыры салынды. Олардың барлығы қазақстандық магистральдық газ тасымалдау жүйесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Ал бүгінде республикамыздың ішкі тұтынушыларына, атап айтсақ 9 облысқа және экспортқа табиғи газды тасымалдауды, сондай-ақ халықаралық газ транзитін жүзеге асырады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасы Қ.Қабылдин елімізге, оның ішінде мұнай саласына тиесілі мерейлі күннің қуанышымен құттықтады. «Биыл еліміздің 20 жылдық мерейтойын тойлаймыз. Өткен мұнай-газ тойы саласында біз Маңғыстау мұнайының 50 жылдығын тойладық, биыл Доссор мұнай кен орнының 100 жылдығы бар. Ал бүгін магистральды газ құбырларының жарты ғасырлық мерейтойы. Той құтты болсын, сіздерді ұлттық компания атынан шын жүректен құттықтаймын. Ел тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақстан газ құбырлары инфрақұрылымы жаңарып, өрісі кеңейді. Оның өндірістік қуаты, экспорттық бағыттарын өркендету заман талабы болып отыр. Көрші мемлекеттерге сыртқы нарықтарға шығуға көмектесіп, транзиттік ел болды. Біздің жеріміз арқылы өзбек пен түркімен газы Ресейге жеткізіледі», деді ол.
«Біздің магистральдық газ құбырларына 50 жыл толды. Мерейтойымыз тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Өз тарапымыздан жан-жақтан газ тасымалдау саласы ардагерлерін жинап, құрмет көрсетудеміз. Қазақстандағы үлкен қысымдағы магистральды газ құбырларының жалпы ұзындығы 14 мың километрді құрайды. 22 газ компрессорлық станса бар. Олардағы газ компрессорлық мәшине саны 220-ға жетеді. Оның барлығы 100 млрд. текше метр газды тасымалдауға мүмкіншілік береді. Компанияда 6 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде 200-ден астам жас маманды компания өзі оқытып, жұмысқа алды. Болашақта тасымалдауды көбейтсек дейміз, тәуелсіздік алғалы бері тасымалды жылына 10 млрд. текше метр газға көбейтіп отырмыз. Сондықтан алдағы 3 жылдың ішінде жылына 120 млрд. текше метр газға дейін тасымалдаймыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің салада істейтін қызметкерлерді ортақ мерекелерімізбен құттықтай отырып, еңбекте табыс, бақыт тілеймін», деді Серік Естай.
Газ тасымалдау саласында бірнеше ұрпақ ауысты. Күн сайын мыңдаған шақырым газ құбыры жүйесін құрып, онда бүгінгі күні де табысты жұмыс атқаруда. Кеңес Одағының әр түкпірінен жиналған түрлі халық өкілдері жергілікті мамандармен біріге еңбек етті. Осы орайда айта кетер жәйт, компанияның басты байлығы, бұл – Қазақстанның күнделікті газ тасымал жүйесін сенімді және қауіпсіз жұмыспен қамтамасыз ететін адамдарымыз, деді ол. Өзінің жүрекжарды лебізін ардагерлерге де арнады.
Газ саласының ардагерлері Сырым Нәрімбаев, Николай Басурманов, Қуаныш Омаров салтанатты шараның сәнін 50 жыл бұрынғы естеліктерімен жаңғыртты. Жадыларында қалған қиын да қызықты уақыттарды әңгімелеп, сондай-ақ өмірден ерте озған жолдастарын еске алды. Шара соңында жиналғандар естелік суретке түсті.
Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 22:37
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
Референдум • Бүгін, 21:51
Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті
Ата заң • Бүгін, 21:46
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады
Олимпиада • Бүгін, 21:15
Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
Қоғам • Бүгін, 20:42
Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 20:34
Қоғам • Бүгін, 20:27
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Бүгін, 19:46
Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Бүгін, 18:49
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Бүгін, 18:22
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Бүгін, 18:12
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:08
Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:58