17 Наурыз, 2017

Мұнайдың арзандауына қарамастан теңге нығайып келеді

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, 17 наурыз күні 1 АҚШ доллары 315,17 теңгеге тең болды. Айта кетейік, кешегі күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллардың бағамы 317,34 теңге болған еді. Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай бағасы 51,79 долларға теңесті. Кеше шикізат құны 52 доллардан асқан еді.