17 Наурыз, 2017

Ресейлік инвестор Ақмола облысында астық терминалдарын салуға ниетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Ресейде және шет елдерде ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме саудасымен айналысатын «СКАЙ» ЖШC компаниясының басшысы Михаил Васенкевичпен кездесті.
Кездесуде облыс басшысы Ақмола облысының Қазақстанда өсірілетін бидайдың едәуір бөлігін өндіретін агроөнеркәсіптік өңір екенін атап өтті. Жыл сайын облыс 32 елге 2 млн тоннаға жуық астық экспорттайды. «Ақмола облысы инвестицияларды тарту үшін үлкен әлеуетке ие және ынтымақтастықты кеңейту үшін ұсыныстарды қарауға дайын. Біздің облысымыз Астана маңындағы өңір болып табылады және Астана нарығы үшін ауыл шаруашылығы өнімін басты жеткізушілердің біріне айналуы тиіс», – деді әкім. «СКАЙ» ЖШС компаниясының басшысы Михаил Васенкевич Иранмен және Жерорта теңізі елдерімен астық дақылдарын экспорттау бойынша ынтымақтастық жасайтынын айтты. Ол астық дақылдарын өсіруге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 500 мыңнан 1 млн тоннаға дейін астық сатып алуға және Ақмола облысында астықты терең өңдеу терминалдарының құрылысын инвестициялауға дайын екенін жеткізді. «Біз үшін ең бастысы – астық сапасын арттыру. Себебі қазіргі уақытта тұтынушылар экологиялық таза өнімді талап етеді, ал сіздің өңіріңізде астық сапасы өте жақсы», - деді М. Васенкевич. Кездесу соңында тараптар ет және сүт өнімдерін өңдеу саласындағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.