18 Наурыз, 2017

Күш-қуат бар кезде жұмыс істеу керек – Елбасы

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездесу барысында адам үнемі ізденіс үстінде болу керектігін айтып, оларды ел үшін аянбай еңбек етуге шабыттандырды. "Шыр етіп жерге түскенде Алланың беретін күші болады. Сол күш-қуат таусылғанша өмір сүресің. Біткенде кетесің. Маған осындай күш-қуат бергеніне ризамын. Күшің бар кезде жұмыс істеп қалу керек. Сендер міне тепсе темір үзетін жасқа келдіңдер барлықтарың. Аянбай жұмыс істеңдер", деді Елбасы. Сонымен қатар Президент адам қай салада болмасын үнемі ізденісте болу керектігін айтты. "Әрбір жұмыста ізденсең, биікке өрлейсің. Дүние жүзі бойынша ақпарат құралдарында да олардан үлгі алуға болатын қанша мысалдар бар. Мүмкін кейбір жағдайда мүмкіншіліктер болмай жататын шығар, мүмкіншілікті болдыру керек. Барлығын да жоғары істеуге, солармен бір деңгейде болуға, олардан асып кетуге тырысу керек. Мен де осындай жұмыстармен жүріп келе жатырмын. Елімді басқа елдермен қатар терезесін тең қылып, ешкімнен кем қылмай, қазағымның басы көтеріліп жүрсін деп, әр уақытта барлығына төменнен жоғары қарамай, қазақтың өзіне солай қарайтын болсын деп өмір сүріп жүрмін, жұмыс істеп жүрмін", деді Президент.