13 Қыркүйек, 2011

Студенттер тексерілуден өтуде

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаңа оқу жылы бастал­ға­лы бері Алматы қа­ла­л­ық СПИД-тің алдын алу мен күресу жөніндегі орталығы оқу мекемелерінде ВИЧ инфек­ция­сы­ның алдын алу үшін акциялар өткізіп жатыр. – Зерттеулер көрсетіп отырған­дай, ВИЧ дертін жұқтыруға бейім әлеуметтік топтардың ішінде бірінші кезекте жастар бар. Өкінішке орай, олар иммун тапшылығы ви­ру­сы­ның жұғу жолдары мен одан қорғанудың амалдарын біле бермейді. Сондық­тан да жастардың ВИЧ-инфек­ция­сы­на шалдығуы оңай, – дейді медицина ғылымда­рының кан­дидаты Талғат Бапиев. – Осы мәселеге орай, қала­лық СПИД орталығының қызметін­де­гі басым бағыттың бірі – жастармен жұмыс істеу болып табылмақ. Ал алма­ты­лық студенттер арасында жүргізіліп жатқан акциялар жас­тар­ға ВИЧ және СПИД-тің жұғу жолдары, сақтану және ВИЧ-пен өмір сүріп жатқан адамдарға түсі­ністікпен қа­рау туралы толық ақпар береді. Акция барысында арнаулы мамандар лекция оқып, тренингтер жүр­гізіліп, жастарға өзінің де, жа­қын­дарының да денсаулығына жүр­­дім-бардым қарамау насихатталады. Ең бастысы, қажет деп тапқан студенттер құпия түрде тегін ВИЧ-ке тексеріліп, медицина қызмет­кер­ле­рі тарапынан кеңес ала алады. Бұл үшін оқу мекемелеріне қажетті құ­рал-жабдықтар орнатылған арна­улы мобильді лаборатория келіп, бірнеше минуттың ішінде экс­пресс-тесті­леудің көмегімен қанда вирус бар-жоғын анықтап бере алады. Алматы қаласындағы СПИД ор­талығының жылжымалы лабо­ра­то­рия­сы ҚМЭБИ, С.Асфендияров ат­ын­дағы ұлттық меди­ци­на­лық, Қазақ мемлекеттік қыздар пе­дагогикалық университеттері, Аг­рарлық колледж сияқты оқу орындарына барады. Осы арада 2011 жылдың ал­ғаш­қы жарты жылдығында, яғни 1 шілдеге дейін республикамызда өсіңкі қорытындымен 16741 ВИЧ-пози­тив­ті адам анықталғанын айта кетсек дейміз. Бұл – 100 мың адамға 101,8 адамнан келеді деген сөз. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы.