18 Наурыз, 2017

Мақсат – таланттарға қолдау көрсету

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жыл сайын жоғары оқу орындары арасында өткізілетін республикалық пәндік олимпиада басталды. Биыл 9-рет ұйымдастырылып отырған республикалық олимпиадада 13 аталым бойынша жиыны 180 дарынды жастың тұсауы кесілмек. Дәстүрлі олим­­пиада 16 наурыздан бас­та­лып, 21 сәуірге дейін жал­ға­сады. ІХ республикалық пән­­дік олимпиадаға еліміздің шы­ғармашылық пен өнерге байланысты жоғары оқу орында­рында, университеттердің музыка факультеттерінде білім алып жатқан ең талантты студенттер «Өнер», «Аспаптық орындаушылық», «Дирижерлік (хор)», «Вокалдық өнер», «Дәс­түрлі музыка өнері», «Ком­позиция» және «Арт-менедж­мент» бойынша сайысқа түсіп, бақ сынайды. Олимпиада бо­ла­шақ мамандардың кәсі­би дағдыларын дамытуға, оқу-та­нымдық қыз­метін ынталан­ды­руға, сондай-ақ, талантты жас­­тарды танып, анықтауға арналған. Олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Құр­манғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясының рек­торы, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова: «Та­ланттар тек орындаушылық бағытта ғана емес, теориялық жа­ғынан да сарапқа түседі. Рес­публикалық олимпиада көп­теген өнерлі жастардың биікке көтерілуіне құлшыныс туғызып, қолдау көрсетті. Біздің басты демеушіміз – Тұңғыш Президент Қоры. Талантты жастарды, жас ғалымдарды қолдауға кел­­ген­де қордың атқарып ке­ле жа­т­қан жұмысы ересен. Консер­ваторияның озат студент­тері тек олимпиада ғана емес, қордың арнайы стипендия жүлдегерлері мен түлектеріміз концерт өткізу, альбом шығару, тағы басқа жо­бала­рына қолдау тапты», деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сергей Тохтаров та сынақтың маңыздылығына тоқтала келіп, талабы зор талант­тардың қадамына сәттілік тіледі. Олимпиаданың ашылу салтанатында «Тұран», «Хассақ» фольклорлық-этнографиялық ан­самбльдері, Эльдар Айтбеков және Мақсат Нұрланов сияқты виолон­челистер дуэті, Ян Руд­ковскийдің дирижерлігіндегі кон­серваторияның аралас хоры және республикалық олим­пиа­далардың лауреаттары, домбырашылар Абылай Тілеп­бер­генов, Таңат Саденов, дирижер Кемең­гер Қадырбеков, әнші Айбек Қанатбек қатысып, өнер көрсетті. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ