13 Қыркүйек, 2011

Сенім грамоталарын қабылдады

310 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Рес­пуб­ликасында жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшілерінен Сенім грамо­тала­рын қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Италия Республикасының Тө­тенше және өкілетті елшісі Альберто Пиери, Эстон Республи­ка­сы­ның Төтенше және өкілетті елшісі Яан Хейн, Словак Респуб­ли­касының Төтенше және өкілетті елшісі Любомир Регак, Малай­зия­ның Төтенше және өкілетті елшісі Ахмад Расиди бен Хазизи Президентке Сенім грамотала­рын тапсырды. Рәсім кезінде сөйлеген сөзін­де Мемлекет басшысы Төтенше және өкілетті ел­ші­лердің дипло­ма­тиялық миссияның бас­шы­сы ретінде қызметіне кірісулері Қа­зақ­стан үшін айрықша кезеңмен – Тәуел­сіз­дігі­міздің 20 жылды­ғы­мен орайлас келіп отыр­ғанын атап өтті. Осы жылдар ішінде Қа­зақстан орнықты даму үшін мық­ты іргетас – заманауи нарықтық экономиканы, орнық­ты саяси жүйе­ні, топтасқан азаматтық қо­ғамды қалады. – Біздің еліміз – ядролық қа­русыздану және оны таратпау саласында ауқымды халық­ара­лық ынтымақтастықтың белсенді мүшесі, біз әлемдегі 180-нен астам мемлекетпен сыртқы саяси байланыс жасап келеміз. Біз жа­қын­да Семей ядролық полиго­ны­ның жабылуының 20 жылдығын атап өттік. Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналаса оты­рып, біздің еліміз халықтар мен өркениеттерді байланыстыратын дос­тық пен өзара түсіністіктің көпірі қызметін атқара алады, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артқанына Еуро­падағы қауіп­сіздік және ын­тымақтастық ұйымы, Шанхай ын­тымақтастық ұйымы тәрізді беделді ұйымдарға табысты төр­аға­лық етуі дәлел болады. Қазіргі уақытта біздің еліміз Ислам ын­ты­мақтастығы ұйымына төраға­лық етуде. Мұсылман әлемі елдерімен қарым-қатынасты жан­дан­дыру Қазақстанның көп­век­торлы сыртқы саясатының басымдық­та­рының бірі болып табылады. Президент Малайзияны Оң­түс­тік-Шы­ғыс Азиядағы және жалпы алғанда, мұсыл­ман әле­мін­дегі маңызды серіктес ел ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Біздің елдеріміз арасындағы сенімді екіжақты байл­а­ныстар жо­ғары және биік деңгейде. Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разактың биылғы жылдың мау­сымында Астанаға сапары екі­жақ­ты қарым-қатынастарға қо­сымша серпін берді. – Біз Малайзияның Ислам ынтымақтас­тығы ұйымының қа­лып­тасуы мен дамуына қосқан үле­сін жоғары бағалаймыз. ИЫҰ-ның аясындағы қазақ­стан­дық төрағалыққа Малайзияның қолдау көрсетуі біз үшін өте ма­ңызды, – деді Мемлекет бас­шысы. Нұрсұлтан Назарбаев Еуро­па­лық Одақ елдері арасындағы біз­дің жетекші экономи­ка­лық се­ріктестеріміздің әрі ірі инвес­тор­ларымыздың бірі – Италиямен ын­тымақ­тастыққа Қазақстан үл­кен мән беретінін атап өтті. Қа­зақстан мен Италия арасында ын­­тымақтастық пен оның келешек да­муы­ның барлық бағыт­та­рын қамтыған Страте­гиялық серіктестік туралы шартқа қол қой­ылған. Екі ел арасында жоғары дең­гейде жақсы үнқатысу орнық­қан. Бұл кездесу біздің елдеріміз арасындағы ақ пейілді сенімнің дәлелі болып табылады, – деп атап өтті Президент. Мемлекет басшысы Қазақстан Словак Республикасын Шығыс Еуропадағы ма­ңызды серіктес ре­тінде қарастыратынын атап өтті. Көлік, машина жасау, энер­ге­тика, ауыл шаруашылығы, ақ­па­раттық технология, білім беру мен туризм салаларындағы ын­ты­мақтастық үлкен әлеуетке ие екеніне тоқталды. Словак елінің өнеркәсіпке озық технологияны енгізу, Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындарға қолданудағы ин­но­вациялық даму тәжірибесі қы­зығушылық тудырады. Президент Эстон Респуб­ли­ка­сы Қазақ­станның Балтық айма­ғын­дағы маңызды саяси және эко­номикалық серіктесі болып та­былатынын атап көрсетті. Мем­лекет бас­шы­сы биылғы жыл­дың сәуірінде қайта сайланғаннан кейінгі өзінің алғашқы шетелдік сапарын Эстонияға жасады. Қа­зақ­стан мен Эстония арасында жо­ғары дең­гейде сенімді үнқа­ты­су орныққан, өзара іс-қимылдың негізгі басымдықтары айқын­дал­ған, келісімдік-құқықтық база құрыл­ған, Үкіметаралық комиссия және өзге де механизмдер жұмыс істейді. – Осы сәтті пайдаланып, эс­тон халқын мемлекет тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығымен, ал Президент Тоомас Ильвесті екінші мерзімге қайта сайлануымен құттықтаймын! – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Төтенше және өкі­летті елшілерді Астанада жауапты дипло­ма­тиялық қызмет­тері­нің басталуымен құттық­тап, олардың миссиясы табысты да өнімді болатынына, біздің мемлекеттеріміз арасын­дағы қарым-қатынастардың жан-жақты да­муы­на қызмет ететініне сенім білдірді. Өз кезегінде, жаңадан тағай­ындалған елшілер Президент Нұр­сұлтан Назарбаевқа ықылас­ты сөзі үшін алғыс білдіріп, өз ел­дерінің Қазақстанмен ынты­мақ­тастығын одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерлерін жұм­сай­тындықтарын айтты.