13 Қыркүйек, 2011

Маңызды жобалар таныстырылды

366 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы Мемлекет басшысының жолдауларында қойылған міндеттер негізінде қалыптастырылған Мәжілісте «2012–2014 жылдарға арналған респуб­ли­калық бюджет туралы» және «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Ұлттық қорынан 2012–2014 жылдарға ар­налған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жо­ба­лары­ның танысты­ры­лымы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қаржы және бюджет ко­ми­тетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова кіріспе сөз сөй­леп, үш жылдық бюджет жос­парын қалыптастырған заң жобасының маңызды­лы­ғы­на тоқталды. Заң жобалары туралы депутаттар алдында Экономи­ка­лық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов пен Қаржы министрі Болат Жә­мішев баяндама жасады. Ал депутаттар мемлекет қаражатының шығысы мен кірісі, әлеуметтік салаларды қаржыландыруды арттыру, апатты жағдайда тұрған мектептер мәселесін шешу, өңір­лерді дамыту туралы ұсы­ныстарын білдірді. Гүл­жан Қа­рағұсова әріптестеріне өз ұсыныстарын жұмыс тобына жазбаша түрде беру жөнінде өтініш жасады. Елдің 2012–2016 жыл­дар­ға арналған әлеуметтік-эко­номи­ка­лық дамуының бол­­жамы Қа­зақстан Репуб­ли­­ка­сы­ның 2020 жылға дейінгі да­муының стра­те­гия­лық жос­па­ры мен Мемлекет басшы­сы­ның «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауында және ағымдағы жылдың 17 сәуі­рін­дегі мәжі­лісте айқын­далған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін әзірленді. Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліме­тіне сүйенсек, ІЖӨ-нің нақ­ты өсуі мен салалардағы нақ­­ты көлем индексі (НКИ) бол­жам­дары 2012–2016 жыл­­да­ры өзек­­тен­дірілген Индус­трия­ландыру картасына сәй­кес инвести­циялық жоба­лар­дың жүзеге асырылуы мен жаңа өн­дірістерді іске қосуды есепке алғанда эко­номиканың 7%-дық өсуін қамтамасыз ететін индикативті көрсет­кіштерге сәй­кес болады. 2012 жылы базалық сценарий үшін мұнайға деген бағаның болжамды дең­гейі 80 доллар/баррельді құрай­ды, ал 2013-2016 жылдарда 70 доллар дең­гейінде бола­ды. Орта мерзімді кезеңде инфляцияны жоспарлаған 6-8% дәлізін­де ұстап тұру басым мақ­сат болып та­былады. Әлеуметтік-экономи­ка­лық саясаттың негізгі ба­ғыт­тарын есепке ала оты­рып 2012-2014 жылдарға арналған басым респуб­ли­ка­лық бюджеттік инвестициялар тізбесі қалыптас­ты­рылды. Бюджет шығыстары ба­сымдық ретінде: – индустрияландыру бағ­­дарламасына; – әлеуметтік саланы жаң­ғыртуға; – халықтың тұрмыс дең­гейін жақсартуға; – өңірлердің орнықты да­муына; – мемлекеттік қызмет сапасын көтеру және мемлекеттік функцияларды іске асыруға бағытталған. Бюджет кодексінің 24-ба­бының 2-тармағына сәй­кес «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт ту­ралы» заң жобасы әзір­лен­ген. Ұлттық қор­дың қара­жатын қалып­тас­тыру және пайдалану тұ­жы­рым­да­ма­сына сәйкес рес­публикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт абсолютті мән­де жыл сайын 1200 млрд. теңге деңгейінде тіркелді. Ұлттық қордың тұжы­рым­дамасында анықтал­ған, кепілдендірілген транс­ферт­ті 2012 жылы жіберген жағ­дай­да тиісті қаржы жы­лы­ның соңына ішкі жал­пы өні­м­­нің болжамды мәнінің 20%-ы мөлше­рін­дегі азай­тыл­­май­тын қал­ды­ғы сақта­ла­ды және атал­ған көрсеткіш бол­жам бойынша 30,1%-ды құрайды. Заң жобасы бойынша құ­рылған жұмыс тобына Мә­жі­лістің Қаржы және бюд­жет комитетінің мү­шесі Сан­сызбай Есілов жетекшілік жасайды. Енді заң жоба­сы жұмыс тобы­ның отырыс­тарында тал­қыға түседі.