13 Қыркүйек, 2011

Жақын көршімен жүздесу өтеді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сыртқы істер министр­лі­гінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов апта­лық брифингте осы айдың 15-інде  Астраханьда Нұр­сұл­тан Назарбаев пен Дмитрий Мед­ведевтің қатысуы­мен Қа­зақ­стан және Ресей аймақ­аралық ынтымақтас­тық­тың VІІI форумы өте­тінін ха­барлады. Алдағы іс-шараның негізгі тақырыбы – «Тран­с­ше­каралық сипаттағы төтенше жағдайларға бірлесе ден қою» деген ресми өкіл мемлекет басшыларының екі­жақты кездесуінің бары­сында Қазақстан мен Ресей­дің 2011-2012 жылдарға ар­налған Бірлескен іс-қи­мылдар жоспарының орын­далу барысы, отын-энер­ге­тикалық кешен мәселелері, «Байқоңыр» космодромы бойынша шарттық-құқық­тық базаны жетілдіру, транс­шекаралық су объектілерін пайдалану мен қорғау, ин­теграциялық бірлестіктер шең­беріндегі ықпалдастық және басқа да мәселелерді талқылау жоспарланып отырғанын мәлім етті. Сонымен қатар, форум­ның пленарлық отырысы­ның қорытындысы бойын­ша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. «Егемен ақпарат».