2011 жылғы 15 шілде, Астана қаласы
«Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына сәйкес бұйырамын: 1) «Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 6637 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылы 29 желтоқсандағы, 2011 жылы 7 қаңтардағы № 355-356 (26416-26417) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Хат-өтінімді авиакомпания бір данада ресми бланкіде жасайды және ұлттық қауіпсіздік органдарымен алдын ала келісілгеннен кейін уәкілетті органға жібереді.»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының алдын ала келісуін алу үшін ЭМК беруге немесе алмастыруға хат-өтінімді осы қызметкерлер нақты жұмыс істейтін авиакомпанияның немесе оның филиалының (өкілдігінің) тіркелген орны бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтың органына авиакомпания жолдайды. Егер қызметкерлері жұмыс істейтін, ЭМК беруге мұқтаждар, авиакомпания немесе оның филиалы (өкілдігі) Астана қаласында орналасқан болса, хат-өтінім Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданады. Енгізілген хат-өтінімдер, әдетте 20 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қарастырылады. Хат-өтінімдерді келісу процесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері немесе оның аумақтық органдары авиакомпания қызметкерлерімен әңгімелесуді өткізуге құқылы. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының қарастыруы нәтижесі бойынша хат-өтінімде көрсетілген әр қызметкерлердің аты-жөні бойынша, ЭМК беруге кедергі болуы мүмкін, ақпараттардың бары/жоғы туралы көрсетілген хат-өтінім ілеспе хатпен авиакомпанияға қайтарылады.»; 8 және 9-тармақтар алып тасталсын; 10-тармақ мына редакцияда жазылсын: «10. Уәкілетті органұлттық қауіпсіздік органдарымен алдын ала келісілген хат-өтінімді қарауды оның келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырады. Көрсетілген мерзімде уәкілетті орган хат-өтінімді берген авиакомпанияның жауапты адамына ЭМК беру немесе алмастыруды жүзеге асырады, немесе ЭМК беруден немесе алмастырудан бас тарту себебі туралы хабарлайды.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. ЭМК оның иесі жоғалтса, авиакомпания жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлап, мынадай құжаттарды ұсынады: 1) ЭМК жоғалтқан адамның түсініктемесі; 2) ішкі істер органдарына (ұрлық, ұрлау), табылған заттар бюросына және тағы сол сияқтылар, жүгіну туралы құжаттардың көшірмелері.»; 15-тармақ мына редакцияда жазылсын: «15. Жоғалтқан ЭМК алмастырылуын ЭМК жоғалу фактісі бойынша авиакомпания тергеу жүргізгеннен және уәкілетті орган тергеу құжаттарының көшірмесін алғаннан кейін жүзеге асырылады.»; 16-тармақта: 2) тармақша мына редакцияда жазылсын: «2) ЭМК иесінің жеке қолының нұсқасы, түрлі-түсті (күңгірт) фото 9*12 мөлшерінде (бас киімсіз және нысанды киімде), тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы көрсетілген қағаздық және магниттік тасымалдағыштар;»; 3) тармақша мына редакцияда жазылсын: «3) арнайы ережелер көшірмелері (ұшқыштар экипажының мүшелері үшін: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер және бортрадистер;); мынадай мазмұндағы 7) тармақшасын толықтырылсын: «7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен немесе оның аумақтық органдарымен хат-өтінімді келісу құжаттары.»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Шет мемлекеттің азаматы болып табылатын, Қазақстан Республикасы авиакомпаниясында жұмыс істейтін, ұшу экипажының мүшелеріне және инженерлі-техникалық құрылымға ЭМК беруді, авиациялық персонал куәлігін уәкілетті орган танығаннан кейін, оларды мойындаудың, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзіміне осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Уәкілетті орган ЭМК қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады: 1) авиациялық оқиғаларды тексеру – тексеру нәтижелерін бекіткенге дейін; 2) өткізу және объектішілік режімінің талаптарын бұзу – алты айға дейінгі мерзімге; 3) ЭМК жоғалту, ұрлау – ЭМК беру туралы шешім қабылдағанға дейін жоғалту фактісі бойынша берілген тексеру материалдарын қарағаннан, ұрлықтардан немесе оны анықтағаннан кейін.»; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Экипаж мүшесін жұмыстан босату, оның басқа жұмысқа немесе басқа ұйымға ауысуы кезінде берілген ЭМК рұқсаттама бюросына тапсырылады, бұл туралы кету қағазына белгі жасалады. Авиакомпания басшылары әуежайлардың уәкілетті қызметтеріне хабарлауды және ЭМК уәкілетті органға қайтарылуын қамтамасыз етеді.». 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Министр Б.КАМАЛИЕВ.
Келісілді: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы _____________Н.Ә.ӘБІҚАЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 12 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7120 болып енгізілді.