Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
О. Мұхамеджанов Президентті Парламенттің бесінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысынан хабардар етті. Атап айтқанда, 2012-2014 жылдарға арналған бюджет, діни бірлестіктер, электр қуатын үнемдеу және тиімді пайдалану, индустриялық-инновациялық саясатты мемлекеттік қолдау туралы бірқатар заң жобаларының Мәжілістегі таныстырылымы туралы сөз болды. Тиісті комитеттер, жұмыс тобы бұл заңдардың жобаларын қарауға кірісті.
Сонымен қатар, О.Мұхамеджанов Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеудің Жоспарына сәйкес осы жылы Парламентте өтетін халықаралық шаралар туралы хабардар етті.
* * *
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
А.Жанқұлиев Президентке ведомствоның ағымдағы қызметі туралы баяндады.