15 Қыркүйек, 2011

Байқауға Қаллеки театры да қатысады

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Тәуелсізді­гі­­нің 20 жылдығына арналған Мәдениет ми­нистрлігінің қолдауымен 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматы қа­­ла­сында ХІХ республикалық театрлар фестивалі өтеді. Бұл байқауға астаналық Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музы­калық драма театры Еркін Жуасбектің «АНТИВИРУС» атты коме­дия­сымен қатысып, бақтарын сынамақ. Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қойылымдағы басты рөлдерде Ерлан Малаев, Түймехан Атым­таева, Айман Аймағамбет, Нұрзада Ташимова, Бақыт Жұмағұлова, Қуандық Қыстықбаев, Айнұр Бермұхамбетова, Жәнібек Мұсаев, Сая Тоқманғалиева, Гауһар Жүсіпова, Жасұлан Ерболат ойнағанын да айта кетсек дейміз. Бір айта кетер жәйт, бұл спектакль бүгінгі күннің тыныс-тір­шілігін суреттейді. Қала адамдары өз басының мәселелерімен әлек. Сол тіршілігі қызу бір техникалық қызмет көрсету орталығы – спектакль оқиғасының өтетін орны. Оқиға желісі осындағы жұмыс­кер­лер мен клиенттер арасында өрбиді. Қазіргі қоғамның келбетін сурет­­тейтін, ащы шындықты айта отырып, күлдіріп те жылатып ала­тын комедия, сөйтіп, Астана қаласының атынан бәйгеге қатыспақ. «Егемен-ақпарат».