Қаламы қарымды ақынжанды әріптесіміз, басылымның Ақмола облысындағы тілшісі Бақберген Амалбековтің «Керімсал» атты жаңа жыр жинағы жарық көріпті. Әдемі безендірілген кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Жүрек сөзі», екінші бөлім – «Көгілдір Көкшетау», үшінші бөлім – «Мәңгі тірі махаббат» деп аталады.
Алғашқы бөлімде қаламгер жан-дүниесін жарып шыққан ойларды өлең жолына түсіріп өрнектегенде адамның бүкіл болмысы менмұндалап тұрады. Қазығұрт туралы «Сағынып келдім, баба тау, Жанартау жүрек жар салып» деп қасиетті жерге шынайы ілтипатын білдіреді.
Екінші бөлімде көгілдір Көкшетаудың әсем табиғатын, нулы орманын, өзен-көлін келістіре суреттейді. Қайыңдар әлемі туралы қалам тербегенде Табиғат-ананың құдіретіне бас иесің. Әсіресе, жапырағы жайқалған, діңі ақ қабықтармен көмкерілген биші қайыңдарды көбелекке теңейді. Кербез сұлу Бурабайды жырлағанда: «Сырымды жібек желмен үндестіріп» деп ой әлемін көркемдікпен ұштастырып, жыр шумақтарын төккенде көз алдыңа әдемі суреттер келеді.
«Айнакөл» атты өлеңінде «Іңкәрім болған қашан да, Айнакөл ару армысың!», деп бір шалқып алып, «Ақ қайыңдар аппақ нұрдан нәр алған, Айдыныңда аққуларың таранған. Көңілімді көктем еткен, Көкшетау, Айнымайсың арман тұнған жанардан», деп тау келбетінен тамаша сурет салады. Шоқанның ұлылығын Көкшетау табиғатымен ұштастырса, қазақтың ерке ақыны Еркеш Ибраһимге арнаған өлеңінде оның талантына бас иіп, өзіне үлгі етеді.
Үшінші бөлімдегі өлеңдерде әріптесіміз әр азаматтың өмірге деген махаббатын, жарға деген адалдығын, ұрпаққа деген ерекше ілтипатын келістіре жырлайды. Бұған дейін қара сөзде танылған автор енді өлең өрімдерімен де оқырманды елең еткізіп отыр. Керімсал өмір, керімсал жыр жолдарына түскенде кімді де болса селт еткізеді екен. Замандасымыздың осы бір қадамын құп алып, осындай әдемі жыр-жинақтары шыға берсін демекпіз.
Сүлеймен МӘМЕТ.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше