Экономика • 13 Қаңтар, 2017

Сауд Арабиясы мұнай өндірісін 2 жылдық минимумға азайтты

2759 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясы мұнай өндірісін соңғы екі жылдағы минимумға азайтты, деп мәлімдеді елдің энергетика министрі Халид әл-Фалих. Бұл туралы investing жазады.

Сауд Арабиясы мұнай өндірісін 2 жылдық минимумға азайтты

Оның айтуынша, Сауд Арабиясының қазіргі өндірісі тәулігіне 10 млн баррельге жетпейді. Бұл ОПЕК+ келісімі аясында қолға алынып отырған шара.

Өндірістің қазіргі деңгейі ең соңғы рет 2015 жылдың ақпан айында байқалған еді.

Абу-Дабидегі энергетикалық форумда сөз алған министр алдағы уақытта өндірісті әлі де азайтатынын айтты.

Осылайша, Сауд Арабиясы мұнай өндірісін ОПЕК ұйымы болжаған деңгейден де азайтып жіберді. ОПЕК+ келісімі аясында Сауд Арабиясы тәулігіне тек 486 мың баррель азайтуы керек еді.