Әдемі көңіл-күйді кейде базар нарқы бұзатыны бар ғой. Самсаған азық-түлікке қалтаңдағы қаржың жетіңкіремесе қорлық деген сол. Бірақ, жетісулық өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтарының ұжымдары барын шаһар тұтынушыларымен бөлісуді жыл сайын әдетке айналдырып, көмектерін аямауда. Ағымдағы жылы да Алматы мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларында алғашқы ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі жалғасын тапты. Алматылықтар Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарына белгіленген орындардағы сөрелерде төрт түліктің еті мен майына, сүт, көкөніс және басқа да азық-түлікке толтырды. Осы күнгі жәрмеңкеде азық-түліктің отыздан астам түрлері саудаланып, 11075,6 мың теңгенің өнімдері сатылды. Осындай сауда Қапшағайда да жалғасты.
Текелі шаһарындағы қайта өңдеу кәсіпорындары мен қала аумағындағы көкөніс өсіретін ауылшаруашылық құрылымдары, жеке шаруа қожалықтары тұтынушы талғамынан шыға білді. Қысқа тосап дайындайтындар базар бағасынан арзан көкөністі арқалап жатты. Осылайша аталған қалаларда өткен алғашқы күзгі жәрмеңке жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына көз жетті.
Облыс әкімдігі, облыстық ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларының басшылары мен аудан әкімдері жәрмеңкелердегі бағаның, сауда мәдениеті мен өнім сапасын қадағалап, халықтың сұранысын зерттеді.
Базар сөрелерінде ет, балық, шұжық, бал мен сүт тағамдары және жеміс-жидек пен көкөніс түрлері көп болды. Әсіресе, картоп пен пияз 40-45 теңгеден, сәбіз 45-50 теңгеден, қырыққабат 25-тен, қызанақ пен тәтті бұрыштың әр килосы 40 теңгеден болды. Үштөбе қаласындағы «Үштөбе-Айдын» ЖШС сары май, сүзбе, кілегей, айран, ал «Үштөбе-Мираж» серіктестігінің шұжық түрлеріне тұтынушылар өз бағаларын беріп, сұраныс артты. Ал, Панфилов, Сарқан, Ескелді аудандарының ауылдық округтері алма, алмұрт, жүзімнің түр-түрін жайып салды.
Осы күні талдықорғандықтарға 9542,4 мың теңгенің саудасы жасалғаны белгілі болды. Енді әр сенбідегі жәрмеңкені халық асыға күтеді.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.

Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Бүгін, 18:49
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Бүгін, 18:22
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Бүгін, 18:12
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:08
Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:58
Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті
Экономика • Бүгін, 17:42
Онлайн-курстар сататын блогерлерге сертификаттау талабы қойылуы мүмкін
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:21
Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Атырауда төрт мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген
Аймақтар • Бүгін, 16:58
«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15