15 Қыркүйек, 2011

Құранның өнердегі көріністері

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында, Қазақстанның Ис­лам ынтымақтастығы ұйымына төр­аға­лық етуіне орай, сондай-ақ қасиетті Құран ілімін кеңірек тарату мақсатында Иран Ислам Рес­публикасы елшілігінің және елор­да­дағы Ұлт­тық академиялық кітапхананың ұй­ым­дас­тыруымен «Қасиетті Құранның Иран өнеріндегі көрінісі» атты көрменің ашылу салтанаты болды. Көрмеде Иранның Рахим Чархи (тазхиб – Құран сүрелері мен аяттарын өрнек­тер­мен жиектеу, алтын жалату техникасы), Парвиз Назари (металдан өрнек ою) және Хасан Моллави (каллиграфия) секілді та­ны­мал ше­берлерінің Ислам, Құран тақы­рып­та­рын­да­ғы 75-тен астам туындылары көрермен наза­рына ұсынылып, өнердің осы саласымен кеңірек танысамын деушілерге шеберлік сыныптар өткізілді. Көрмеге қойылған экспонаттар ара­сын­да ерекше өрнек-жазуымен орындалған қа­сиет­ті Құранның сирек басылымдары, шет тілдердегі аудармалары, Иранда шығарыл­ған Құ­ран ту­ралы аудио-видео дискілермен қа­тар, көп­ші­лікті қызықтырған «сөйлейтін Құран да» бар. Берік САДЫР. Суреттерді түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕНОВ.