16 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1055

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 14 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі Кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін әкелуге қатысты қорғау шараларын енгізу туралы «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналарға: 1) Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 1704 90 710 0, 1704 90 750 0 кодтарымен жіктелетін, құрамында какао жоқ, ішінде қоспасы бар немесе қоспасы жоқ мұз кәмпиттен жасалған карамель, тоффи, өзге де карамельдер және соған ұқсас тәттілер әкелуге қатысты кедендік құнының 30%-ы мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,27 евро; 2) Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 1806 90 110 0, 1806 90 190 0 кодтарымен жіктелетін, құрамында алкоголі бар және жоқ, ішінде қоспасы бар немесе қоспасы жоқ шоколадты кәмпиттер әкелуге қатысты кедендік құнының 49 %-ы мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,8 евро; 3) Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 1806 90 500 1, 1806 90 500 2, 1806 90 500 9 кодтарымен жіктелетін, қанттан және құрамында какао бар қантты алмастыратын өнімдерден әзірленген оның алмастырғыштарынан жасалған кондитерлік өнімдерді әкелуге қатысты кедендік құнының 39 %-ы мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,42 евро қорғау баждары 3 жыл мерзімге енгізілсін; 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік декларациялау кезінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қорғау бажын алсын. 3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен мүдделі шет мемлекеттерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының осы қаулының 1-тармағында көзделген қорғау шараларын енгізгені туралы хабардар етсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар