Қызылорда облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаралар күн өткен сайын күш ала бастады. 25 күн бойына азаттықты ұлықтаған, тәуелсіздікке тәу еткен, дербестікті дәріптеген шаралар үздіксіз өтпек. Ал осы істің бәрінің бастауы «Болашағымыз – бірлікте» атты облыстық патриоттар форумынан басталды.
Бұрнағы күні «Мұз айдыны» кешенінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Болашағымыз – бірлікте» атты облыстық патриоттар форумы өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдары, жалпы үш мыңнан аса адам қатысты.
Форумның негізгі мақсаты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бостандық», «Бірлік», «Бейбітшілік» сынды негізгі құндылықтарды нығайту, жастардың патриоттық сана-сезімі мен азаматтық белсенділігін арттыру болып табылады.
Шарада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов форумға қатысушыларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, белгіленген аталымдар бойынша елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды марапаттады. Соның ішінде «Қызылорда корейлер қауымдастығы» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Вилорий Николаевич Шин «Қазақстан патриоты» аталымынының иегері атанды.
Вилорий Шин өз кезегінде форумды ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жастарға ақжарма тілегін жеткізді. «Біз қазір жүздеген этнос өкілдері бас қосқан елміз. Арамызда орыс та, неміс те, чешен де бәрі бар. Біздерді бір тағдыр түйіс-
тірді. Бір шаңырақтың астында бірге түтін түтетіп жатқаннан кейін бізге қазақ пен қазақтың да, қазақ пен басқа отандасымыз арасында достық өте қажет. Мұнсыз елдің ертеңін, жарқын болашақты елестету қиын. Қазақ елінің бүгінгі тізгінін ұстап отырған Елбасымыз да «Бір болайық. Бір болмасақ, тоз-тозымыз шығып, елдіктен айырыламыз» дегенді жиі қайталайды. Ел алдында тұрған жарқын мақсатқа ел бірлігін сақтай отырып қана жететінімізді ұдайы ескертіп келеді. Халықтың сөзіне қарағанда бақ дегенің кез келген жерге табан тірей бермейтін көрінеді. Ынтымақ, ауызбіршілік, жарасымдылық ұялаған жерге барып қонақтайды. Сол бақ қазір Қазақ елінде. Осы бақты сақтау үшін біз бәріміз бірлігімізге бекем болайық», деді.
Арқалы ақын Шаһизада Әбдікәрімов: «Тәуелсіздік – қазаққа қанмен, жанмен келген қасиетті де киелі ұғым. Оның қадіріне жеткендер күнде тәубе деуден жалыққан емес. Көк аспанның астында Көк тудың желбірегенін көріп жүрген бізде арман жоқ. Бүгінгі күнге мың шүкір!» – дейді.
Шара соңында форумның үндеуі қабылданды. Ал «Бір тағдыр! Бір Елбасы» деп ұрандатқан патриоттық форумның соңы Сыр өнерпаздарының концертіне ұласты.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
ҚЫЗЫЛОРДА

Жамбыл облысында әйел TikTok-тағы балағат сөздері үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 22:45
Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27