24 Қараша, 2016

Иерусалим-Астана әуе рейсі ашылуы мүмкін

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі 7-ші отырыста екі елдің астаналары арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі талқыланды. «Үкіметаралық комиссия отырысында көтерілген тағы бір өзекті мәселе біздің елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе рейсін ашу болды. Қазақстан өз тарабынан ЭКСПО көрмесіне дайындық аясында келесі жылы мұндай әуе рейстерінің орындалуына кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды алып тастауды жоспарлауда», - деді ол. Сонымен қатар комиссия отырысында биыл желтоқсан айының ортасында Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху Қазақстанға сапармен келетіні айтылды. «Бүгін біз Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекеті арасындағы үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысын өткізіп жатырмыз. Бұл - Израиль Премьер-Министрі Б.Нетаньяхудың елімізге жоспарланған сапары алдындағы маңызды кездесу. Сапар осы жылдың желтоқсан айының ортасына жоспарланған. Біз бүгін елдеріміз арасындағы тиімді ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын талқыладық. Нақты бірқатар келісімге қол қойылады және өзге де қосымша шешімдер қарастырылып жатыр. Ол құжаттар сауда-экономикалық, инвестициялық және түрлі салалардағы біздің елдеріміздің ынтымақтастығын көздейді. Әрине, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су ресустары, инновация салаларындағы ынтымақтастық өзге де бағыттарға тың серпін беретіндігі сөзсіз», - деді комиссия отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.