Алматы және Кипр туристік сервис саласында тәжірибе алмасады. "Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық", - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек Кипр Республикасының Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы Елшісі Георгиос Касулидиспен кездесу барысында. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени- гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласында тәжірибе алмасу мәселелерін сөз етті.
«Алматыда 150-ге жуық сәулет, тарих, мәдени ескерткіштер бар. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрағатына енген сегіз нысанның төртеуі, соның ішінде Талхиз қаласы мен Тамғалы таңбасы бар қырлы тастар оңтүстік астана аймағында. Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим кестесін одан әрі кеңейтеді. Бұдан өзге Алматыда Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді. Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық», - деді Б.Байбек. Мегаполис басшысы екі жақты сауда-экономикалық байланыстың жоғары әлеуетін да атап өтті. Мысалы, 2016 жылғы қарашада қалада 44 біріккен және 147 кипрлік кәсіпорын тіркелген. «Алматы ел экономикасының бес бөлігін құрайды, бұл бизнес пен шикізатсыз жеке капитал қаласы. Мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60 кеңсесі, банк офистерінің 90%-дан астамы орналасқан. Инвесторларға қолдау көрсетудің кешенді шаралары жүзеге асуда», - деді қала басшысы. Кипр Елшісі өз кезегінде табиғи ресурстар мен білім беру және басқа да салалар бойынша байланысты одан әрі нығайтуға ынталы екендерін айтты. Г.Касулидис тікелей әуе қатынасын ашудың уақыты келгенін де сөз етіп, бұл екіжақты туристер легіне оң ықпал ететінін жеткізді. Ол өзінің сөзінде Алматының сұлу қала әрі табиғатының тым көркем екенін тамсана айтты. Ал бұл туристерге барынша тартымды.Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:56
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08