25 Қараша, 2016

"Егемен Қазақстан" кітапханасындағы "Әбіш әлемі"

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
era_3526 Бүгін «Егемен Қазақстанның» жаңа кітапханасында қазақтың классик жазушысы, басылымның бұрынғы бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың мұрасына арналған мүйістің ашылу салтанаты өтті. Шараға Кенжеғали Сағадиев, Қойшығара Салғарин, Қажығали Мұхамбетқалиев, Төлен Әбдіков, Сауытбек Абдрахманов, Несіпбек Айтұлы, Зейнолла Алшынбаев сияқты зиялылар және қаламгердің зайыбы Клара Жұмабаева қатысты. Мүйіске қаламгердің көркем шығармалары, өзге тілдерге аударылған туындылары, публицистикалық еңбектері қойылған. Сонымен қатар мұнда жазушының жеке заттары да бар. era_3599
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19