25 Қараша, 2016

Қырғызстанда 400 мың бала жұмыс істейді

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қырғызстанда түрлі салалада 400 мың бала жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды КирТАГ. Бұл мәліметтер Қырғызстанның балаларды қорғау басқармасы мен әлеуметтік даму министрлігі Түркия, Тәжікстанмен бірлесіп атқарған "Орталық Азиядағы балалар еңбегін шектеу" атты жоба барысында белгілі болды. Қырғызстанның статистикалық мәліметтеріне сенсек, 2014 жылы бұл көрсеткіш 27,8 пайызға азайып, 414 246 баланы құраған. Ал рұқсат етілген жұмыс орындарында 166 319 кәмелеттік жасқа толмағандар еңбек етеді.