Бейбітшілік және келісім сарайында басталған XI Инновациялық форумында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев осы айдың соңында жаңа инновациялық жобаларды жариялайтынын мәлімдеді, деп xабарлады ҚазАқпарат.
Қала басшысының айтуынша, бүгінде инновацияларды дамытуға арналған үкіметтік бағдарламадан бөлек қаланың өз бағдарламасы бар.
«Солардың бірін біз «Даму қорымен бірлесіп іске асырып келеміз. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландырылатын жобалар бар, яғни біз стартап жобаларға қолдау жасап отырамыз. Өткен аптада Назарбаев университетімен бірге стартап сессияны өткіздік. Жылдың аяғына дейін үздік инновациялық компанияларға 30 млн. теңге бөлінеді», – деп атап көрсетті Ә.Исекешев.
Әкімнің сөзіне қарағанда, қарашаның 30-ы күні елордада Астана Smart city атты xалықаралық форум ұйымдастырылады. «Сол жерде біз өзіміздің алғашқы жобаларымызды жариялаймыз», – деп атап көрсетті қала басшысы.
Айта кетейік, бүгінде елордада озық теxнологиядарды кеңінен қолдану шаралары атқарылып келеді. Себебі, келесі жылы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Ал одан кейін көрме аймағында «Астана xалықаралық қаржы орталығын ұйымдастыру жоспарланған.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше