ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Францияның Онфлёр қаласында қарашаның 22-і мен 27-і аралығында өтетін XXIV Ресейлік кино фестивалінде (Festival du Cinema Russe) «Ерекше құбылыс» бағдарламасы аясында көрсетіледі, деп хабарлады Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш фильмнің тұсаукесері 2016 жылы сәуірде Астана қаласында өтті. Оның режиссері Сергей Снежкин. Картина Мәскеу қаласындағы «Кино үйінде» және Ресей Федерациясының мәдениет министрлігінде, сонымен қатар Халықаралық Жібек жолы кинофестивалінде арнайы көрсетілген болатын.
Ресей киносының фестивалі әлемнің түкпір-түкпірінен танымал киногерлердің қатысуымен өтетін ең ауқымды фестивальдердің бірі. Биыл фестиваль аясында Ресей, Қазақстан, Франция және АҚШ елдерінен іріктелген барлығы 26 фильм көрсетіледі. Қазылар алқасының төрағасы – жазушы және продюсер Фредерик Бегбедер. Сондай-ақ, фестивальдің үздіктерін продюсер Мэй Шен Шале, актриса Сирьель Клэр, актриса Криста Тере, актриса Виктори Оллокуи және киносыншы Филипп Руйе анықтайтын болады.
«Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмі 26 қарашада сағат 14:00-де «Henri-Jeanson» кинотеатрында француз тіліндегі субтитрлерімен көрсетіледі.

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше