25 Қараша, 2016

Елімізде 18 мың үкіметтік емес ұйым тіркелген

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тіркелген 18 092 үкіметтік емес ұйымдардың 40 пайызы Алматы қаласында орналасқан. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан VII Қазақстанның Азаматтық форумында сөз алған Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді. 

Күннің екінші жартысында жалғасын тапқан аталмыш форумда арнайы баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов 40 пайыздық көрсеткіш Қазақстандағы ҮЕҰ қызметінің үйлестіруді мінсіз етіп көрсете алмайтындығын атады.

– Бүгінгі таңда біздің еліміздегі ҮЕҰ санының нақтысы 18 092 болса, олардың ішінде белсенді жұмыс жүргізетіні 8 307. Бұл әрине төмен көрсеткіш. Ал енді сол жұмыс істеу дамыған 5 аймақты Астана, Алматы қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы құрайды, – деді Иманғали Нұрғалиұлы.

Премьер-министрдің айтуынша, жоғарыда аталған ҮЕҰ еліміздің 27 мың азаматын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

– Олардың құрылымы біздің азаматтарды көбінесе толғандыратын проблемаларды сипаттайды. Бұл тұрғыда біз үкіметтік емес секторларды қуаты мен қабілеті жағынан елдегі оң өзгерістердің қозғаушы күші бола алатын ниеттестер қауымдастығы деп білеміз – деді ол. 

Нұрлыбек Досыбай,

"Егемен Қазақстан".