Жол-патрульдік қызмет полицейі Аслан Есентаев «Жыл полицейі» номинациясында республикалық байқаудың жеңімпазы атанды, деп хабарлады mgorod.kz.
Байқау жеңімпазы Ақтөбеде маусым айында орын алған қанды оқиғада бір экстремисті жаралаған.
«Сол күні нарядта едім. Полиция бөлімінің Елек аумағында қызметте болдық. Түскі ас уақытында «Паллада» қару дүкенін басып алды, қарулы шабуыл жасалды деген хабарлама түсті. Біз рота командирі Балғалиев экипажының құрамында сол жаққа бет алдық. Краснощеков көшесінің қиылысынан біздің екінші экипаж шықты. Біз жаққа қарай оқ атылып жатты. Оқиға орнында бір қарулы адамды қолға түсірдік. Экипаж құрамындағы серіктестерім Жақсыбаев пен Қалмағамбетов жараланды», – деп есіне алды Есентаев.
Полицей сол күні өз өмірі үшін мүлдем қорықпағанын, борышын өтегенін айтты. Лаңкестік оқиғадан кейін Асланды облыстық әкімдік шақырып, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев грамота, сыйақы тапсырды.

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше