Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында Владивостоктың «Адмирал» командасын қабылдап, 1:4 есебімен жеңілді.
Ойын айдын иелерінің шабуылымен басталды. Кездесудің небәрі 3-минутында астаналықтар Кэм Баркердің көмегімен есеп ашты. Дегенмен, осыдан кейін осалдық танытқан Эдуард Занковец шәкірттері 8-минутта өз қақпаларына шайба жіберіп алды. Нәтижелі соққының авторы – Джеймс Райт.
Матчтың екінші кезеңі толығымен қонақтардың бақылауында өтті. Алдымен, 22-минутта Максим Казаков мергендігімен көзге түсіп, өз командасын алға шығарса, 26-минутта Джеймс Райт дубль иесі атанды. Мұнымен де тоқтамаған «Адмирал» хоккейшілері арада бірер минут өтер-өтпес тағы бір шайбаны соқты. Атап айтқанда, Павел Макаренко 28-минутта кездесудің соңғы нүктесін қойды.
Еншісінде 45 ұпайы бар «Барыс» «Шығыс» конференциясында 8-орында келеді. Келесі кездесуін Астанада 27 қараша күні «Амур» командасымен өткізеді.

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше