26 Қараша, 2016

Патриоттық акция өтті

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс өңірінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетикалық кешенінде ұйымдастырған шараға өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының жетекшілері, мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Акцияның басты мақсаты – Тәу­­елсіздік жылдары ішінде мем­­ле­­к­етіміздің қол жеткізген жет­іс­­­тіктерін паш етіп, көпұлтты ха­­л­­­­- қымыздың достығын одан әрі ны­­­ғайтуға үн қосу, әсіресе, жас­тар арасында мемлекетіміздің не­­­гізгі құндылықтарын кеңінен на­­сихаттау. – Мен үшін бүгінгі өткен ша­ра­ның алар орны ерекше. Се­бебі, Елі­міздің өсіп-өркендеуі менің жә­не мен қатарлы Тәу­е­л­сіздік құр­дас­тарының бір­ден-бір міндеті деп есеп­теймін. Қа­­зақстан жастарының рес­пуб­ликалық акцияның ныша­ны­на кітапты таңдап алуы кез­­дей­соқ емес. «Мәңгілік Ел» кі­та­бы ел жастарының Тәуелсіздік жыл­­­дарындағы же­тіс­тіктерінің жыл­­намасы, оған Тәу­елсіз­ді­гі­міз­дің құр­­дастары – жас­тардың ті­­­легі, же­­тістіктері, бі­лімі мен тә­жі­рибесі жа­зылып, 1 жел­тоқсан кү­­ні Ас­та­на қаласында Ел­басына та­быс еті­леді, – деген ізгі тілегін жет­кізді тәу­елсіздіктің құр­да­сы Әсел Ал­тын­бекқызы. Павлодар қаласының жастары «Мәңгілік Ел» жастарының же­­тіс­тіктері – Қазақстан Рес­пуб­­ли­касы Тәуелсіздігінің 25 жыл­­ды­ғы» кітабын өс­ке­мен­дік­тер­ге сал­танатты түрде тапсы­р­ды. Ак­ция әрі қарай Қарағанды облысында жалғасады. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» ӨСКЕМЕН