26 Қараша, 2016

Әбіш

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Азайып жарқын күндер қуанышты, Жыл толды жоқтағалы ұлы Әбішті. Күрсініп орман-тоғай, тау мен дала, Құс біткен айдын көлден жылап ұшты.   Ат байлап қайғы кірген дарбазаға, Ел едік шыдап  баққан сан қазаға. Күндей боп қарауытқан кетті-ау батып, Нұр шашқан маңдайынан маңғаз аға.   Ішінен мың толғанып тынар халық, Қадірін кейде, бәлкім, біле алмадық. Зар болдық жарқ еткен бір заматына, Төңірек күңгірт тартса мұнарланып.   Тіршілік жетелеген алыс күнге, Мәңгілік берер дейсің қоныс кімге? Бұл қазақ жасар болса жер үстінде, Қашанда халқыменен Әбіш бірге! Несіпбек АЙТҰЛЫ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты