26 Қараша, 2016

Елбасының ерен еңбегі аталды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Қазақстан Рес­публика­сының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия (әрі қарай – Ұлттық комиссия) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 пайдалы іс» республикалық акциясын жүзеге асыру аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастардың Қазақстан Тәуелсіздігіне сүбелі үлес қосқан белгілі тұлғалармен кездесуін ұйымдастырды. Кездесуге Ұлттық комиссия мүшелері, көрнекті қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Танымал тұлғалар ішінде Зәуре Қадырқызы Жүсіпова, Айткүл Байғазықызы Самақова, Оразгүл Асанғазықызы Асанғазы, Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков, Ғаділдек Минажұлы Шалахметов, Тоты Әмірова және басқалар болды. Кездесуге қатысушылар тәуелсіз Қазақ­станды құру мен қалыптастыруға орасан зор еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсетті. «Егемен-ақпарат»