Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырыс өткізді. Оның жұмысына Жоғарғы соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Әділет, Қаржы, Энергетика министрліктері мен Ұлттық банктің өкілдері қатысты.
Жалпы отырыстың жұмысын аша келе, Қайрат Мәми отырысқа қатысушылардың назарын республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысы айқындаған құқықтық айқындылық деңгейін арттыру, тұрақты әрі болжамды сот практикасын қалыптастыру міндеттерін іске асыру қажеттігіне аударды. Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары дәл осы міндетті шешуге бағытталып отыр. Оны әзірлеу барысында, ең алдымен, қолданыстағы сот практикасы талданады және соттардың құқық нормаларын біркелкі қолдану бойынша тәсілдері пысықталады. Бұл Жоғарғы сотқа жергілікті соттардың сот істерін қарау тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы отырыстың күн тәртібіне Жоғарғы соттың бес нормативтік қаулысы шығарылды.
«Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулы қазақстандықтар үшін көптен күткен өзекті құжат болып табылады. Жоғарғы сот судьясы Дүйсен Тұмабеков қаулы жобасы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтті. Жобада Жоғарғы соттың қадағалау сатысының анықтамалары мен сот құжаттары, осы санаттағы азаматтық істер, еліміздегі ипотекалық несиелендірудің қалыптасу және даму мәселелері, осы құқықтық қатынасты реттейтін заңнамалық база талданған.
Талқылануға ұсынылған нормативтік қаулының жобасы құқық қолданудағы мынадай қиындықтарды реттеуге бағытталған: қарызды өндіріп алу туралы талап (негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы және сол сияқтылар) банктің қарыз шартының талаптары мен заңға қаншалықты сәйкес келетінін, шартқа қол қоймай тұрып және қарыз бермес бұрын Банк қарыз алушының несиені төлеу қабілетін жан-жақты, толық әрі сапалы түрде бағалағандығын анықтау. Әңгіме қарыз алушының тұрақты немесе жеткілікті кірісі мен қарызды өтеуі үшін өзге де табыс көздері, салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша қарызы, үшінші тұлғаның алдындағы қарызы бар немесе жоқтығын анықтау туралы болып отыр.
«Соттардың азаматтық істер бойынша Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының жобасын таныстыра келе, Жоғарғы сот судьясы Бейбіт Шермұхаметов республикадағы табиғи ресурстар жалпы не арнайы табиғат пайдалануында болуы мүмкін екендігін атап өтті. Нормативтік қаулының жобасында қоршаған ортаға, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүлкіне экологиялық құқық бұзушылар тарапынан келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне мән берілген. Жобада келтірілген зиянды экономикалық бағалаудың тікелей және жанама әдістерін қолдану мәселелері, сот төрелігіне қол жеткізу туралы Орхус конвенциясының қағидаттары талқыланған. Қалдықтарды өндіру мен тұтыну бойынша меншік иелерінің жауапкершіліктері туралы түсініктемелер берілген.
Жоғарғы сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы нормативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің қажеттілігін түсіндірді. Нормативтік қаулының жобасы процестік заңнама нормаларын жетілдіруге бағытталған және дер кезінде әзірленген. Себебі, жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекстің қабылдануына байланысты «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» қолданыстағы нормативтік қаулыға өзгерістерді дереу енгізу қажеттігі туындап отыр.
«Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №11 Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін Жоғарғы сот судьясы Лаура Ағыбаева жаңа қылмыстық-процестік кодекстің жаңашылдықтарымен, тергеу судьялары институтының енгізілуімен, үш сатылы сот жүйесіне көшумен байланысты деп түсіндірді. Нормативтік қаулының жобасында соттың тәрбиелік және алдын алу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қолдаудағы құқық бұзушылықтардың жасалуына әсер ететін себептер мен жағдайларды соттардың анықтауы мен жою қызметіндегі жеке қаулылардың маңызды рөлі атап көрсетілген. Жеке қаулы шығаруға заң шығарушы тарапынан көзделген негіздерді шартты түрде былайша бөлуге болады: қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар, іс жүргізу кезінде жіберілген заң бұзушылықтар, жекелеген азаматтардың дұрыс емес жүріс-тұрысы, қылмыстың жолын кесуге немесе ашуға көмектескен азаматтарды ынталандыру. «Жеке қаулыларда тиісті лауазымды тұлғалардың назары іс бойынша анықталған нақты заң бұзушылықтарға аударылумен қатар, мұндай заң бұзушылықтар алдағы уақытта қайталанбас үшін тиісті шаралар қабылдау туралы талап қойылады», – деді Л.Ағыбаева. Осылайша, сот заң бұзушылықтың алдын алады. Сот практикасын дұрыс, заңнаманы біркелкі қолдануға және алдын алу жұмыстарын күшейтуге, сотқа дейінгі сатыдағы кемшіліктерге жол бермеуге бағыттайды, прокурордың назарын кемшіліктерді уақтылы анықтауға және тергеу мен анықтаудың заңдылығына қадағалау жүргізу барысында оларды жоюға аудартады.
Әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасын қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін Жоғарғы сот судьясы Талғат Баратбеков оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттігімен түсіндірді. Жалпы отырысқа қатысушылар нормативтік қаулылардың жобаларын талқылады, оларға ұсыныстар мен ескертпелер енгізді. Аталған қаулылар редакциялық түзетулер енгізгеннен кейін жалпы отырыста бекітілетін болады.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше