«Хабар» телеарнасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламдық деңгейдегі бейбітсүйгіштік бастамаларына орай «Әлем. XXI ғасыр» тақырыбы аясында телемарафон ұйымдастырды.
Мәскеу, Анкара, Брюссель, Берлин қалаларындағы саяси сарапшылар телеарна арқылы Астанамен тікелей эфирге қосылып, еліміздің Тәуелсіздіктің ширек ғасырында қол жеткізген жетістіктеріне және Қазақстан Президентінің әлемдік қауіпсіздікті сақтау бағытындағы бағалы бастамаларына қатысты өз ой-пайымдарымен бөлісті.
Мәселен, Энергетика Хартиясының бас хатшысы Урбан Руснаг арна журналисінің «Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдардан бергі жеткен жетістіктерінің ішінде неге айрықша тоқталар едіңіз?» деген сауалына былай деп жауап берді. «Мен шын жүректен Қазақстанды және қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Бұл айтулы мерейтой осынау жылдардың бедерінде Қазақ халқының бағындырған белестерімен тұспа-тұс келіп қана қоймай, оны айқын көрсетіп отыр. Энергетика Хартиясы Қазақстанның жер қойнауындағы қазба байлықтарды игеру және оларды пайдалану бойынша өз ұстанымдары мен қағидаларын жаһандық тұрғыда нығайтып келе жатқанын жақсы біледі. Мұндай табиғи байлықтар Қазақстан экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, болашақты ойлай отырып, дамудың жаңа бағытына – жаңартылған энергия көздерін игеруге көшуіне, осы бағытқа қарай қадам басуына сеп болуда. Осындай бағытты ұстанған Қазақстанның болашағына сеніммен қарауға болады деп ойлаймын».
Қазақстанның бейбітшілікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі, сонымен қатар, бейбітсүйгіштік қасиетті алға ілгерілету бағытындағы тұрақты бастамалары туралы бүкіл әлем білетіні анық. Қазақстанның бұл ұстанымдарына құрметпен қарайтын мемлекеттердің бірі – Германия. Сондықтан, бұл мәселе жөнінде Орталық Азия елдері бойынша неміс сарапшысы Гюнтер Кнабе айтып берді. Ол тілшінің: «Гюнтер, сіз Қазақстанның жетістіктері туралы не айтар едіңіз?» – деген сауалына жауап берместен бұрын, ең алдымен, қазақ халқын Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойымен құттықтады. «Мен барша қазақ жұртын 25 жылдық мерейтоймен құттықтай отырып, бақыт, сәттілік тілеймін», – деді ол. Осылай деген Гюнтер Кнабе әлемді алаңдатқан ядролық қару төңірегіндегі мәселесіндегі Қазақстанның қадамдарын ерекше атап өтті.
«Менің ойымша, ауыз толтырып айтатын ең басты жетістіктердің бірі – Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы. Себебі, Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі күш-қуаты бойынша төртінші ядролық арсеналды толығымен жою турасындағы батыл шешімі біздің тарапымыздан үлкен әрі терең құрмет көретуді қажет етеді. Мен Президенттің тек ядролық қарусыздану бойынша көтерген бастамаларына ғана емес, бүкіл дүние жүзінде бейбітшілікті орнату бағытындағы іс-қимылдарына жоғары баға берер едім», – деді ол. Бұл ретте, сарапшы Елбасы өзінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесі арқылы әлемдік державаларды жаппай қырып-жою қаруынан түбегейлі бас тартуға шақырғанына айрықша тоқталды. «Қазақстан Көшбасшысы дүние жүзі державаларын жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуға және әлемдегі барлық әскери жанжалдарды дереу тоқтатуға шақырған болатын. Қазіргі таңда Президенттің мұндай бастамалары өте өзекті болып тұр», – деді Гюнтер Кнабе.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше