Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаудың ең үлкен мәні – жасампаздық жолымыздың үлгілерін пайымдап, халыққа ұсыну жолымен елдің асыл рухының салтанатын паш ету. Мұның өзі, түптеп келгенде, жас ұрпаққа ізгі өнеге.
Міне, осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының Президенті, Көшбасшымыз Н.Назарбаевтың – «Ұлы Дала ұлағаттары» толғау – эсселері халқына деген сүйіспеншілікке толы перзенттік, оның жеңімпаз рухына рух қосатын азаматтық, жарқын жолын нұсқаған көсемдік тарту болды.
Мен өзім ұстаз болғандықтан, Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа еңбегінің халқымыздың даналық алтын қазынасын жаңа биікке көтергеніне шексіз қуандым. Өйткені, мұғалім кез келген ізгілікті дүниеден жас ұрпақ жанына рухани азық болатын нәр іздейді.
Қарапайым өрнектерімен өрбітілген еңбектегі құндылықтардың қайсысын әңгіме етсек те, өзекті мәнге ие. Соның ішінде жастар тәрбиесіне тікелей арналған «Жаңғырып келер жас толқын» тарауы толқытты.
Тарауда «Болашақ» бағдарламасының жемісті жүзеге асып жатқанының маңызы айқын ашылған. Жалпы жас ұрпақ тәрбиесіндегі аға буын үлгісі, отбасының баға жетпес орны, кітаптың игі ықпалы, мұғалімдердің ұстаздық жауапкершілігі, мектеп пен отбасы ынтымақтастығы, халықтық педагогиканың құндылығы, әдебиет – тарих – тіл құдіреті – бәрі-бәрі өзара өрімдесе қамтылып, адами жандылықта, адами зәрулікте, адами құрметте беріліп, жанға азық, жүрекке жылу, әрбір тағдырға жарық нұрын құйғандай сезіледі.
«Ұлы Дала ұлағаттарын» бүкіл адамзаттық даналықтың ХХІ ғасырдың жаңа биікке көтерілген тұсы дер едім. ХХІ ғасыр – жастар ғасыры» деген әлем кеңістігіндегі қанатты нақылды жастардың үнемі жаңғырып келер жаңа сапасын мерейлеп, ғасыр салты деңгейінде көрсеткен кемеңгер еңбек ретінде әлі бағасын алары сөзсіз.
Қазіргі еліміздегі жаңа білім реформасына өтпелі шағымызда «Ұлы дала ұлағаттары» атты еңбек «Мәңгілік Елдің» мәңгілік ұрпағына білім мен тәрбие беруде ұстанатын бірден-бір басты құрал болатынына кәміл сенемін.
Алғысымыз шексіз!
Аягүл МИРАЗОВА,
Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
АЛМАТЫ

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше