Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар қабылдаған ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларацияның толық мәтінін ел газеті «Егемен Қазақстан» басылымынан оқып шықтым. Әлемнің өркениетті дамыған 30 елінің қатарынан өзіндік орнымызды алуға талпынып отырған Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетістіктерін қалай дәріптесек те еш артықтығы жоқ. Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөз бар. Сондықтан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Елордамызда өткізуге мүмкіндік алғанымыздың өзі неге тұрады?! Енді сол сындарлы сәттен жақсы өтіп әлем халықтарының алдында беделімізге бедел қоссақ, нұр үстіне нұр болары анық. Негізі, бұл көрме жағрафиялық орналасу ыңғайлылығы Еуропа мен Азияның орта тұсы болып та саналатын бас қаламыздың бағын аша түсетініне кәміл сенеміз. Ең бастысы, елдігімізді танытар игілікті іске жанашыр болып, қолдау әрі тілеуқоры бола білу де керек. Ақыл таразысына салып, экономикалық тұрғыдан қарапайым ғана талдау жасасақ, бүгінде бірқатар елдер өз өнімдерін осы халықаралық көрмеде көрсету үшін өздеріне бөлінген орындарын алуда. Бұл – істің ілгерілеуіне себепші болатын қадам.Себебі, қатысушылар саны артқан сайын өзара бәсекелесу пайда болады. Ол көрменің атын шығарып қана қоймай, сан сала бойынша Қазақстанға келушілердің қызығушылығын да тудырады. Сонда сапалы қызмет көрсету арқылы да кіріс көзі табылары анық. Тізбелей берсек, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің бізге беретін пайдасы өте көп. Тек соны ұтымды әрі әділ пайдалана білу міндет. Сонда Қазақстанның аты бейбіт те, берекелі ел ретінде халық жадында сақтала береді деп ойлаймын.
«Ырыс алды ынтымақ» деген даналықты берік ұстанған еліміздің күнделікті өмірінде татулықтың сан үлгісі көрініс табуда. Айталық, 130 этнос өкілі тұратын еліміздегі тыныштықты кейбір мемлекеттерде тұратын халықтар армандап жүргенін дәлелдеп отырудың өзі артық. Шетелдік инвесторлардың да Қазақстанға келіп бизнестерін өркендетуге талпынатыны да еліміздегі тыныштықтың жемісі болып табылады. Біле білсек, Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғаны да Тәуелсіздіктің ширек ғасырында жеткен сүбелі жетістігі болып саналады.
Серікбай НҰРҒИСАЕВ,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы
ТАЛДЫҚОРҒАН

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44