26 Қараша, 2016

Boxing Memes рейтингі: Головкин алтыншы

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Boxing Memes инстаграмы үздік боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Сергей Ковалёвті жеңгеннен кейін американдық Андре Уорд  рейтинг көшін бастады, ал ресейлік екінші орынды қанағат тұтты. Үштікті Роман Гонсалес «Чоколатито» түйіндеді. Сондай-ақ, топ-5-ке Сауль Альварес «Канело» және Теренс Кроуфорд ілікті.  Геннадий Головкин алтыншы орында. Одан әрі Мэнни Пакьяо, Гильермо Ригондо, Василий Ломаченко және Владимир Кличко жайғасты. Головкиннің 18 наурызда рингке оралуы күтілуде. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жекке шығады. Қарсыласы  -  американдық Дэниел Джейкобс.