26 Қараша, 2016

ӘЧ: Қазақстан төрт жүлде иеленді

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Санкт-Петербургте бокстан әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары бір алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді. Жалғыз алтынды 69 кг салмақ дәрежесінде украиналық Павел Гуладан басым түскен Садриддин Ахмедов ұтып алды. Финалдық кездесуде америкалық Марк Кастроға ұтылған Саматали Толтаев (56 кг) пен шотландиялық Уильям Хатчинсонға есе жіберген Бек Нұрмағанбет (75 кг) күміс жүлде иеленді. Жартылай финалда украиналық боксшы Роман Савицкийден жеңілген Бекзада Нұрдәулетов (81 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.