28 Қараша, 2016

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына ас берілді

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed-1 Қостанай қалалық мешітінде кемеңгер ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай шара өтті. Оны мешіт облыс орталығындағы Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайы ғылыми қызметкерлерімен бірігіп өткізді. Оған елімізге танымал ғалымдар мен облыс орталығындағы зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары, жастар, жетім балалар шақырылды. Алдымен  қазақ хылқының үш рухани бәйтерегінің бірі Ыбырайдың әруағына құран бағышталды. unnamed-3 «Халқымыздың ежелден келе жатқан ең үлкен ғұрыптарының бірі – ас беру. Бұл ұйымшыл елдің ғана қолынан келетіні белгілі. Осындай астарда мәнді әңгімелер, тағылымды сөздер айтылады. Біздің негізгі мақсат – Ыбырай бабамыздың халқына жасаған еңбегі туралы жастарға кеңінен түсіндіру», деді қалалық мешіттің имамы Шоқан қажы Әмірханов. unnamed-2 Аста Ыбырайды ғалымдар Серікбай Оспанов, Қалқаман Хасенов, Алмас Әбсадықов сөз сөйлеп, ағартушы өмірі мен еңбектерінен танымдық, тағылымдық мысалдар келтірді. Ы.Алтынсарин музейінің ұымдастыруымен ағартушының қазақ даласына мектеп ашу үшін келген сапары туралы сахналық көріністер көрсетілді. Осы шараның өтуіне демеуші болған кәсіпкер қыз «Оң қолың берген садақаны сол қолың көрмесін» деген ұлағатты ұстанымымен өзінің атын көрсетпеуді өтініпті. Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан". Қостанай