Астанада бүгін "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі" атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған әлем елдерінің жетекші саясаткерлері қатысуда. Солардың бірі - Финляндия парламенті төрғасының бірінші орынбасары Маури Пеккаринен екі ел арасындағы мәдени байланыстар туралы айтты.
"Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап екі ел мәдени байланыстарын күшейтті. Тәуелсіз Қазақстан басшысы 1992 жылы біздің елге алғашқы сапарымен келген еді. Сол кезде сыйланған жылқы Финляндияда ұзақ өмір сүрді. Оны көріп, көпшілігі атқа мінуді үйренгісі келді. Сол кезден бастап екі ел біліммен де, тәжірибемен де алмасып келе жатыр", - деді Маури Пеккаринен.
Форум барысында Дж. Хопкинс университетінің Орталық Азия жән Кавказ бойынша институттың төрағасы Фредерик Старр Қазақстанның алдағы 25 жылдағы даму жолын болжады.
Сарапшының айтуынша, табысты ел болу үшін экономиканы реформалау қажет.
"Қазақстан табысты ел болу үшін экономика мықты болуы керек. Мысалы, 10 жылдан кейін шағын және орта бизнес көбейсе, дүкендер мен "Хан Шатыр" секілді орындардың иесі шетелдіктер емес, қазақстанықтар болса, жақсы болушы еді", деді Старр.
Сонымен қатар ол кәсіби-техникалық мамандықтарды оқытуға баса назар аудару керектігін айтты.
"Қазақстан қазір маңызды мәселелерді көтеріп жатыр. Солардың бірі - білім. Соның ішінде кәсби-техникалық білімге назар аудару керек. Оның қоғамға берері көп", - деді Старр.
Сонымен қатар сарапшы мемлекет халықаралық аренада белсенділік таныту керектігін айтты.

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше