28 Қараша, 2016

Алматыда басқарма басшысы жұмысынан босатылды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қар тазалау жұмыстары мәселесіне қатысты жиын өткізді. Онда аудан әкімдері, басқарма басшылары мен қалалық коммуналдық қызметтегілер қатысқан. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жұмысы нашар деп бағаланған. Нәтижесінде Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды. "Біз былай деп айтамыз: Алматы - адам тұратын қала, алайда жолдар, қиылыстар әлі күнге дейін тазаланбаған. Тұрғындарға жайлы жағдай жасау керек. Қоғамдық көлік қатынайтын жолдарды тазалау керек", - деді Бауыржан Байбек. "Жиын қорытындысы бойынша Алматы әкімі аудан әкімдіктегілеріне, сондай-ақ, қаладағы барлық қызмет өкілдеріне қар жауған кезде осындай жағдай қайталанбас үшін қажетті шараларды ойластырып қоюын тапсырды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55