28 Қараша, 2016

Қарағанды әкімі Германия, Молдавия елшілерін қабылдады

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ba502bf9c293341a4e4dffe887021e39 Қарағанды облысының әкімі Германия мен Молдавия елшілерін қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Нұрмұхамбет Әбдібеков жаңадан тағайындалған Германия Федарциялық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті. Аймақ басшысы Елшіге Қарағанды облысының Германиямен әріптестік қарым-қатынас орнату бағытындағы жұмыстары туралы баяндады. Облыс әкімі жыл басынан бері тауар айналымы 45 миллион долларды құрағанын, оның көп бөлігі импорт арқылы келетіндігін баяндады. Экспортталатын тауарлар қатарында сутегі, инертті газдар бар. - Екіжақты қарым-қатынастар тәжірибесі Германияның сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор екендігін аңғартады. Біз германдық инвесторлардың бізге жаңа технологиялар әкеліп, біздің қазба байлықтарымызды өндіруге атсалысуына мүдделіміз, - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков. Германиялық әріптестердің қатысуымен облыста бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы арматура және қапталған труба шығаратын зауыт та бар. Өз кезегінде неміс елшісі Қарағанды облысы Евроодақ елдерінің қызығушылығын оятқан экономикалық аймақ екендігін атап өтті: - Қарағанды облысының экономикалық потенциялы мен бұл жерде этникалық немістердің көп болуы, бізге әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Облыс әкімі неміс инвесторларын әріптестікке шақырды және білім беру мәдениет саласында тәжірибе алмасуды ұсынды. Аймақ басшысы дәл осы ұсынысты Молдова Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Думитру Брагишеммен кездесуінде де айтты. Облыс аумағында Молдава Республикасының кәсіпкерлерінің қатысуымен 5 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Олар құрылыс, ауылшаруашылығы, сауда, қайыра өңдеу және жылжымайтын мүлік нарығында танылған. - Инвесторларға жасалған тиімді жағдайлар, шикізат қорының көп болуы, біздің облысымыздың географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы – аймағымызға инвестиция тарту үшін оң жайдайды қалыптастырды. Мен екіжақты қарым-қатынас орнатуда және әріптестікті дамытуда өзіндік мүде болатындығын білемін. Сіздері біздің экономикамыздың түрлі саласында бірлесіп еңбек етуге шақырамын, - деді Қарағанды облысының әкімі Молдавия Республикасының елшісіне.