2010-2016 жылдары киік атудың және олардың мүйіздерін сатудың 318 фактісі тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан «дөңгелек үстел» барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті. «Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтау, олардың санын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Алаңдаушылық туғызатын басты аңдардың бірі жабайы дала антилопасының бірегей түрі киіктер болып отыр. Бұл жануарлардың дүниежүзілік таралымының 95 пайызы Қазақстан аумағында мекендейді. Киіктерді қорғаудың нәтижесінде олардың саны 21 мың бастан 295 мың басқа дейін көбейген болатын. Бірақ өкінішке орай, 2015 жылы киіктер қырылды. Үстіміздегі жыл есебі бойынша, олардың саны шамамен 108 мың бас. Қырылу себебі жұқпалы ауру - пастереллез. Жаппай өлім-жітімге ұшыраудың мұндай фактісі бұрын да болған», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, киіктер санының азаюына брокенерліктің де әсері бар. «2010-2016 жылдары киік атудың және олардың мүйіздерін сатудың 318 фактісі тіркелді. Жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғаумен «Аңшылықзооөнеркәсіп» ұйымы айналысады. Мониторинг ұйымдастыру және киіктерді спутниктік радиомаяктармен таңбалау пайдаланылады. Қорғау шараларын ұйымдастыру инспекторлардың көліктерінде орнатылған спутниктермен бақыланады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер санының көбейіп келе жатқаны байқалады», - деді Нысанбаев.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05