29 Қараша, 2016

Колумбияда құлаған ұшақта 21 журналист болған

103 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Колумбияда болған ұшақ апатынан 75 адам қаза тауып, 6 адам тірі қалған. Оның үшеуі футболшы, біреуі журналист, екеуі экипаж мүшесі, деп хабарлайды The Guardian. Сонымен қатар Бразилия басылымдарының хабарлауынша, 81 адамның 21-і журналист екендігі анықталған. [caption id="attachment_78998" align="aligncenter" width="499"]Тірі қалған футболшылар Тірі қалған футболшылар[/caption] "6 адам тірі қалған еді. Өкінішке орай, ауруханаға барар жолда біреуі қайтыс болды" - деді аймақтық полиция басшысы журналистерге берген сұхбатында. Бұл апатқа байланысты Бразилия Президенті Мишел Темер өзінің Твиттердегі парақшасында  дүниеден өткендердің жақындарына көңіл айтты. Санта-Катарина губернаторы Раймундо Коломбо да халық алдына шығып, апат туралы сөз сөйледі. Қазір команда жанкүйерлері ойыншылар дайындалған стадионға жиналып жатыр. 2016-11-29-16_42_46-colombia-plane-crash_-76-killed-5-survivors-from-plane-carrying-chapecoense-foo Бұрын хабарлағанымыздай, ұшақ Боливиядан Колумбияға ұшып бара жатқан. Колумбия азаматтық авиациясының басшысы Альфредо Боканеграның айтуынша, ұшақ қонуға алдын-ала рұқсат сұраған. Радио арқылы: "Ұшақ төтенше жағдай туралы хабарлайды. Бізге тезірек қонуға рұқсат керек", деп сұраған жерден шамамен түнгі сағат он екілер кезінде байланыс үзіліп кетеді. Ұшақ ұшу алаңына не себепті қона алмағаны әзірге белгісіз болып отыр. Бір ақпараттарда жанармай таусылғаны айтылса, енді біреулер электр желісінің ақаулары себеп болған деген жорамалдар айтуда. Ресми ақпарат әлі берілмеді. 2016-11-29-17_01_30-colombia-plane-crash_-76-killed-5-survivors-from-plane-carrying-chapecoense-foo Сонымен қатар ауа райының нашарлығы да құтқару жұмыстарына біршама кедергілер келтірген. Қазір жүзге жуық адам апат орнында жұмыс істеп жүр. Медельин әуежайы түнде қатты жаңбыр жауғандықтан, құтқару жұмыстары аз уақытқа тоқтатылғанын Твиттер парақшасында хабарлады. Бұл ойынға бармай қалған бразилиялық қақпашы Нивалдо UOL Esporte сайтына берген сұхбатында таңғы бестер шамасында оянғанын, сол кезде өзінің командаластарына хабарласа алмағанын айтқан.