Қостанайда «Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік Ел жастары жырлайды» аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасына он ақынның бесеуі Қостанайдан қосылса, бесеуі Қарағандыдан, Семейден, Павлодардан, Арқалықтан келді. Айтыс қашан да халықтық өнерге сусап отыратын көрерменнің шөлін басатын суат секілді. Қостанайлық жырсүйер қауым «талаптың тұлпарын мінген» жас ақындардың әрқайсысы айтқан тұщымды ойға, тапқыр әзілге, орамды сөзге қол соғып, қошеметін аямады.
Айтысқа Қостанай өңіріндегі елімізге танымал ақын-жазушылар Әсия Беркенова, Ғұмар Ахметчин, Нағашыбай Мұқатов, Әлфия Орманшина және Абылай Мауданов қазылық жасады.
– Бұл жолғы айтыстың басты ерекшелігі – оның шынайылығы дер едім. Кей айтыстарда жап-жас ақын шығады да, алдын ала дайындап келген жырын Асан қайғы секілді толғанып, қара аспанды суға алдырып айтқанда, қаншалықты уақыттың өзекті мәселелерін көтергенмен де шынайылықтың жоқтығынан көрерменін май ішкендей етеді. Ал бұл айтыста жас ақындар өз жасына, жастық шаққа лайық мәселелерді айтты, барлығы да жарасым тауып тұрды, – дейді Абылай Мауданов.
Жүйріктен жүйрік озған айтыста қазылар бас бәйгені он ақынның ішіндегі қызғалдақтай қостанайлық ақын қыз Нәрия Ақбабаға лайықтап, ол 500 мың теңгені иеленді. Нәрияның суырыпсалмалылығымен қатар, қарсыласын састыратын тапқыр уәж айта білетіндігі көрерменін де, қазыларды да тәнті етті. Бірінші орынды иеленген павлодарлық Нұрқанат Қайратқа 250 мың теңге берілді. 200 мың теңгені семейлік Серік Қуанған қанжығаға байлады. 3-ші орын мен 100 мың теңге ақшалай сыйлық арқалықтық Батырлан Сағынтайға табыс етілді. Ы.Алтынсарин және А.Байтұрсынов атындағы арнайы жүлделер әрқайсысы 80 мың теңгеден Қарағандыдан келген Нұрмұхаммед Байсүгіров пен арқалықтық Қайролла Хафизға берілді. Айтысқа қатысқан Нұрсұлтан Қасым, Айбар Рағатов, Бекболат Қаленов, Ернұр Әуезхан секілді жас ақындар да назарсыз қалған жоқ, ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Бүгін, 18:55
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Бүгін, 18:40
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Бүгін, 18:22
Ерқанат Көпжасарұлы: Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады
Ата заң • Бүгін, 18:11
Қаржы министрлігі ескертеді: Министр Такиевтің атын жамылған алаяқтар пайда болды
Қаржы • Бүгін, 17:44
Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:32
«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын
Спорт • Бүгін, 17:15
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:57
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Ата заң • Бүгін, 16:45
Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?
Аймақтар • Бүгін, 16:38