30 Қараша, 2016

Еліміз бойынша 1 аптада 188 ескі көлік тапсырылған

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-11-16-avto

Ескі көліктерді қабылдауға арналған бағдарлама аясында қазақстандықтар бір аптаның ішінде 188 машина тапсырып, әрбір темір тұлпары үшін 150 мың теңге алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Бағдарламаның үйлестірушісі – «ӨКМ Операторы» ЖШС мәліметіне сәйкес, утилизацияға түскен көліктердің басым бөлігі 25-30 жыл бұрын шығарылған. Олардың ішінде «ВАЗ»-дар, «ГАЗ-3110», «Москвич-2140», ал шетелдік көліктерден «Mazda 626» жиі кездеседі. "Ең ескі көлік - шыққанына 70 жылдан асқан «Москвич», ал жаңалардың арасында 2007 жылғы «ВАЗ-2104» көлігі бар. «Бүгінде Қостанай қаласы ескі көліктерді тапсыру жағынан оқ бойы озық тұр. Бір аптаның ішінде 38 машина тапсырылды. Ал Ақтау мен Атырауда бір-бір көліктен ғана утилизацияға берген», – дейді бағдарлама үйлестірушілері. Айта кетейік, өткен аптада утилизациялау бағдарламасы аясында ескі көліктерді қабылдау жұмыстары басталып, республиканың 17 қаласында қабылдау ашылған болатын.