30 Қараша, 2016

СҚО-да жемқорлықпен күрес қызмет басшысы тағайындалды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Мемлекеттік қызметкер істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен СҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызметкер істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлықпен күрес ұлттық бюро департаментінің (Жемқорлықпен күрес қызметі) басшысы міндетін уақытша атқарушы болып Нығмеджан Сапаров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нығмеджан Сапаров 1965 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл-Ту ауылында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіріп, ҚР ІІМ академиясын «заңгер», «мемлекеттік және жергілікті басқару магистры» мамандығын алып шыққан. Еңбек жолын 1984 жылы Благовещенский жоғары танк командалық қызыл шебері училищесінде қару шебері ретінде бастаған. 1991-2014 жылдары ішкі істер органдары мен қаржы полициясында еңбек еткен. 2014-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызметкер істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жедел қызмет департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдың ақпан айынан қазірге дейін Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы департаментінің басшысы болған.