30 Қараша, 2016

Кекілбаевтың "Шыңырау" повесі бойынша фильм түсіріледі

1023 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
photo_201456 ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Әбіш Кекілбаевтың "Шыңырау" повесінің желісімен толықметражды көркем фильм түсіреді, деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі. 2b0f46386d8081e983086ac8808098a3 Қазір сценарий авторы және фильм режиссері Жаңабек Жетіруов кастинг өткізіп, түсірілім тобын жинап жатыр. Ол бұрын "Аққыз" секілді көптеген көркем фильмдер мен Әбіш Кекілбаевтың өміріне арналған "Самғау " атты құжатты фильм авторы. 70642d7a54520fd093c1f38e57960486   Фильм Маңғыстау облысында, Ақтау қаласында Каспий жағалауында түсіріледі. 6b5cd08bb3956a5e4dec13aea95a31e9 Режиссер повесть сюжетін толығымен сақтап қалған. "Әдеби туындыны экранға шығаруға қажетті деген аздаған ғана сарындар қостым. Прозада сезім мен табиғатты сипаттап, суреттеп беруге болады. Ал кинематографияда оны іс-әрекеттер мен оқиғалар арқылы жеткізу керек", дейді режиссер. 8449c4e22a81579c6b9a84e846f6c80f