30 Қараша, 2016

"Егемен Қазақстан" РГ" АҚ Басқарма құрамында өзгерістер болды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін "Егемен Қазақстан" Республикалық газеті" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырысы өтіп, оның шешімі бойынша Қоғамның Басқарма мүшелері құрамында өзгерістер болды. Басқарма төрағасының жаңа орынбасарлары болып Жандос Бəделұлы жəне Айбын Шағалақов тағайындалды. Осы шешімге сəйкес, Ахметқали Утигалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Ал Еркін Қыдыр Басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Сонымен қатар бүгін Басқарма төрағасының шешімімен газеттің бөлім басшылары қызметін атқарып келген Сейфолла Шайынғазы мен Ғабит Мүсіреп Бас редактордың орынбасарлары болып тағайындалды.