01 Желтоқсан, 2016

Қазір Қазақстанда бизнес ашуға таптырмайтын кез – Назарбаев

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазір Қазақстанда бизнес ашып, даму үшін таптырмайтын кезең. Жаңа индустриялық жобалар көптеп ашылып жатыр, индустриялық бағдарламаны іске асырудамыз, 6-сы күні қорытындысын шығарамыз. Алғашқы бес жыл ішінде мыңнан аса кәсіпорын ашылды. Келесі бес жылда тағы 300-400 кәсіпорын ашылады. Ірі кәсіпорындардың айналасында шағын кәсіпорындар пайда болуда. Олар жаңағы ірі компанияларға сервис көрсетеді. Жекешелендіру жүріп жатыр. Осыны пайдаланып, жұмыс істеу керек. Компаниялардың активтерін бәсекеге салу – барлық әкімдер міне осы іспен шұғылдануы тиіс.  Жастардың осы процеске қатысуы үшін көмектесулері керек», деді Мемлекет басшысы қазір Астанада өтіп жатқан Республикалық жастар форумында.